Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Улжабаева Нұрсұлу Нурмухамедовна
Улжабаева Нұрсұлу Нурмухамедовна
DOCX
163
2

Наурыз мерекесі қазақ халқының ұлттық мейрамы, жаңа жылғы қуаныш пен үміттің символы. Әр жыл сайын наурыз айында аталып өтетін бұл мереке, адамдардың арасында жаңа қарым-қатынас, достық, мейірімділік сезімдерін оятып, халықтың бірлігін нығайтады.

Наурыздың мәдени және рухани маңызы зор. Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтады, қайта тірілген табиғатпен бірге жаңаруды сезінеді. Қазақ мәдениетінде Наурыз ерекше орын алады, себебі бұл мереке тек табиғаттың жаңаруы емес, сонымен қатар адамның өз өмірінде жаңарудың да басы. Наурызда берілетін «Наурызкөже» сияқты ұлттық тағамдар, дәстүрлі көже құрамы арқылы, халықтың даналығын, мейірімділігін, ынтымақтастығын нығайтады.

Мектептерде, балабақшаларда және басқа да қоғамдық орындарда Наурыз меркесінің аталып өтуі, жастардың ұлттық салт-дәстүрлермен танысуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға себеп болады. Бүлдіршіндер мен оқушылар, тақпақтар оқып, би билеп, ән айтты, жақсы көңіл-күй мен шаттықты бөліседі. Бұл шаралар жастардың рухани дамуына, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

Наурыз мерекесінде ұйымдастырылатын өткізу үрдісінде, жұртшылықтың қатысуы, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді көрсету арқылы, балалар ұлттық мәдениетті таниды. Ойында, қолөнерде, әдебиетте, музыкада ұлттық нақыштарды байқап, өз халқының дәстүрлеріне құрмет көрсетеді. Осылайша, Наурыз мерекесі тек ұлттық мейрам ғана емес, сонымен қатар мәдени байланыстарды нығайту, халықтың санасын, рухын көтеру шайқасы болып табылады.

Вам будут интересны эти конкурсы: