Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Мен тәрбиешімін: ұстаздық және оның жауапкершілігі

Мен тәрбиешімін: ұстаздық және оның жауапкершілігі

Касымова Жазира Жанузаковна
Касымова Жазира Жанузаковна
DOCX
161
1

Эссе – «Мен тәрбиешімін» атты шығармамда мен ұстаздық мамандығының қасиеттілігі мен маңыздылығына назар аударамын. Ұстаз болу – жеңіл айтылатын сөз болғанымен, шын мәнінде, бұл мәселе жастардың болашағына қатысты ең жауапты және ауқымды міндеттердің бірі. Жастардың тәрбиешісі ретінде, менің міндетім – олардың әлеуятивтік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, саналы, жауапты азаматтарды тәрбиелеу.

Мен үшін ұстаздық – арман мен жауапкершіліктің тоғысқан жері. Орал педагогикалық колледжінде білім алғаннан кейін, мен өз жаныма жақын мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Тәрбиеші болу – бұл тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар, шәкірттерге бағыт-бағдар беретін, олардың болашақтағы өмір жолына әсер ететін ұлы тұлға болу дегенді білдіреді. Өз білгенімді, тәжірибемді жастармен бөлісу – мен үшін үлкен бақыт.

Әрбір тәрбиеші үшін басты мақсат – өз шәкірттерінің шығармашылық әрекеттерін ынталандырып, олардың өздерін танып, дамуына септігін тигізу. Ахмет Байтұрсынұлының «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген сөздері тәрбиешілердің қоғамдағы рөлін айқындайды. Жатақхана тәрбиешісі болу – бұл ұрпақ тәрбиелеу процессінде белсенді қатысу, жастардың қамын жеу.

Тәрбиешінің жұмысы тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір балаға жүрек жылуын, мейірімділікті, сенімділікті сыйлау. Балалар мен жастардың әлеуетін ашып көрсетуде, менің жұмысым – оларды шығармашылықпен айналысуға, самостоятельность пен дербестікке тәрбиелеу. Әрбір бала – ерекше даралық, мұны сезіну және олардың бойынан жақсылықты танып, соларға қолдау көрсету – менің педагогикалық ұстанымымның негізі.

Предпросмотр

Эссе – «Мен тәрбиешімін»
Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – Ұстаздық. Мамандық таңдау –әр адамның ең маңызды шешімі. Осыдан 1жыл бұрын «Ұстаздық» деп аталатын қиын да, қызық әлемге апарар соқпаққа түсуге бел будым.
Арманым  орындалды, бұл қасиетті соқпаққа аяқ бастым. Орал педагогикалық колледжіне оқуға түстім.  Мен өз армандаған мамандығыма  қол жеткіздім. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық, әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі.
Ал тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Жатақхана тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі күннің үміттері — жас ұрпақ үшін жандары ашитын , сол ұрпақты тәрбиелеуге тер төгіп жүрген адамдардың бірі.  Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет.  Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.
Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.
Тәрбиеші…! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды да, мағыналы сөз деп білемін. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 2 жыл болған екен. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, тәрбиеленушілерді  жан-тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.