- Главная
- →
- Занятия с детьми
- →
- Дидактические игры и их влияние на развитие детей дошкольного возраста
- →
Дидактические игры и их влияние на развитие детей дошкольного возраста
Игра - это неотъемлемая часть детского развития. Она играет ключевую роль в формировании психики и общении с окружающим миром, предоставляя детям возможность исследовать, познавать и развивать свои способности. Как говорил великий казахский поэт Абай Кунанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?», что подчеркивает значимость игры в детской жизни.
Во время игры ребёнок может свободно проявлять свои эмоции и творчество, активно участвуя в процессе. Специалисты в области педагогики, такие как Л.А. Венгер и другие, обращают внимание на то, что игры формируют не только познавательные аспекты, но и социальные и эмоциональные навыки. Каждый родитель и воспитатель должен понимать, что игра — это не просто развлечение, а основной инструмент развития личности ребёнка.
Существует несколько видов дидактических игр, которые помогают в обучении: предметные, настольные и словесные игры. Каждая из этих категорий вносит свой вклад в развитие определённых навыков. Например, предметные игры расширяют представление о окружающем мире, а настольные развивают логическое мышление и внимание.
Настоящая ценность дидактических игр заключается в их способности не только обучать, но и развивать личность. Они служат важным инструментом для формирования разнообразных социальных и личностных компетенций, таких как умение взаимодействовать с другими, следовать правилам и достигать поставленных целей.
Важно помнить, что игры следует проводить с учётом возрастных и психологических особенностей детей. Хорошо спланированная игра может стать основой для дальнейшего успеха в обучении и социализации ребёнка, делая процесс получения знаний лёгким и увлекательным.'
Тәрбиешілерге кеңес : «Мектеп жасына дейінгі баланың психикасының дамуында ойынның рөлі».
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев «ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама» деп айтқандай,бала өмірінде ойын ерекше орын алады.Баланың өмірі,қоршаған ортаны танып,еңбекке қатынасы,психологиялықерекшеліктерін ойын үстінде қалыптастырады.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Ізденімпаздық ,тапқырлық әрекеті (сезіну,қабылдау,ойнау,зейін қою,ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясымен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына .
Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запарожец, Н.И.Подьяков, А.П.Усова, Д.В.Эльконин және тағы басқа ғылымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Ойын оқытады,дамытады,тәрбиелейді,әлеуметтендіреді,көңіліңді аулайды демалыс сыйлайды.Баланы ойыннан ажырату-оның дамуының басты көзінен,шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады.Ойын-баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. «Дидактикалық ойындар-таным және бастауыш білім беруде балалардың іс-әрекетінің белсендіргіші.Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады,балалардың өмірі және даму тәжірибесі».Бала ойнай отырып,өмірді таниды, өін оған дайындайды,жасампаз адам ретінде қалыптасады.
«Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»деп атақты ұлы педагог,ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай,біздің берер білім,тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек.Ол үшін бала ұғымына,қабылдауына сәйкес сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет.Балаға арналған білім оның ақылына лайықталып,талабын шабыттандыратындай,ойын оятарлық,іскерлігін дамытарлықтай,бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.Оқушылардың ой белсенділігін,саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті.Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға,түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге,қиындықты жеңуге,төзімділікке баулиды.Олай болса,ойынды қай сәттерде ,не мақсатпен пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады;
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: «Лото», «Домино», т.б.
Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада:
Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді,оны бекітіп,нақтылай түседі.
Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып,сөздік қорын молайтады,ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
Дидиктикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты,тәртіптілікті қажет етеді.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес.Себебі ойын-оқу,еңбек іс-әрекетерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып,білімін жетілдіреді.
Ойын,бір қарағанда,қарапайым құбылыс не әрекеті іспетті.Ол-міндетті түрде ұжымдық әрекет.Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы,бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттеріннен туындайды.Ойынның басты шарты жеңіске жету болса,әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып,бір-біріне деген сенімін арттырады.Ойынның да өзіне тән мотивтері болады.Мысалы,мазмұндық,рөлдік ойындар баланың зейінін,есін,ойлауын,қиялын қалыптастыруда зор маңызға ие. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,қалай қабілеті бар екенін байқап көреді.Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды.Ондай ойындар баланың тапқырлығын,байқампаздығын, зейінділі – гін арттырумен қатар,ерік,сезім түрлерін де дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті-оқу,қарым-қатынас,ойын және еңбек болса,бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып,баланы дамытады. Білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса,қарым-қатынас балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап,сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады.Ал ойын баланың дамуын арттырады.
Ойынның нақты мақсатына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компонеттері қарастырылады:ойын мазмұны,ойынды ұйымдастыру формалары,ойын түрлері, ойындық құралдар,сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар болады.Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректідендерексізге,жеңілден-ауырға,жақыннан-алысқа»деген принципті негізге ала отырып,бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса мұғалімнің міндеті-сол ойынның түрлерін пайдалана отырып,балаларды өздігімен жұмыс істей білуге,ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрін пайдалану-бағдарламада анықталған білім,білік және дағдылары қалыптастыру,тиянақтау,бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ педагог ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып,жаңа тақырыпты өткенде,өткізілген материялды қайталағанда,білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.