Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қазақстан педагогикасы үшін инновациялық технологиялар бүгінде жаңа бағыт ретінде айрықша маңызды. Оқу процесінде жаңалықтарды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға, білім сапасын көтеруге, әрі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалімнің жаңашылдыққа деген ынтасы бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Оқытушы әрдайым білімін жетілдіріп, жаңа технологияларды зерттеп, оларды өз тәжірибесінде тиімді пайдалану керек.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде білім беру жүйесінің тиімділігі артып, жастардың оқу үдерісімен белсенділігі жоғарылайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Жолдауы білім беру жүйесінде жаңаша көзқарастар мен тәжірибелерді енгізуді талап етеді. Мұғалімдердің сабақта инновациялық әдістерді қолдануы оқушының білім алу процесін жағымды және тартымды етеді. Білім беру процесінің инновациялық моделі – мемлекетіміздің білім стандартына сай оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді.
Инновациялық процесті жүзеге асыруда мектептегі оқыту әдістемелерін жетілдіру және ақпараттандыру маңызды рөл атқарады. Ақпараттық технологияларды қолдану білім алушының оқу материалдарын меңгеруін оңайлатып, оқу процесін сапалы өткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, педагогтар үшін тәжірибе алмасу мәселесі, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану барысында шешуші болып табылады. Оқытушының шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы білім беру үрдісін жаңаша құрылымдау, инновациялық тәсілдерді насихаттау қоғамдағы талаптарға жауап бере алады.
Инновациялық мәдениетті қалыптастыру – мұғалім мен оқушы арасындағы өзара динамикалық қатынастарды нығайтуға бағытталған. Оқу процесінде инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыру – оқу-тәрбие үрдісінің рухани-адамгершілік аспектілерін жетілдіруге, білім беру нәтижесін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогтардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіптік біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін көптеген бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Оқу процесіндегі қажетті өзгерістерді дер кезінде қабылдап, жаңаша тәсілдерді тиімді қолдану мұғалімнің басты міндеті болып табылады.