Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Образовательный план для детского сада №145 «Балапан»

Образовательный план для детского сада №145 «Балапан»

Аккисева Раш Баисиевна
Аккисева Раш Баисиевна
DOCX
119
1

В данном документе представлен детализированный тематический план работы педагогов детского сада №145 «Балапан». Он включает в себя 36 различных занятий, каждое из которых имеет свое уникальное название и цели. Основное внимание уделяется развитию творческих навыков у детей и их связи с окружающим миром.

Темы занятий охватывают различные аспекты, начиная от знакомства с природой и заканчивая основами математики и искусства. Например, занятия по рисованию не только развивают художественные навыки, но и помогают детям учиться работать с цветом и формой. Важно отметить, что каждое занятие строится с акцентом на создание комфортной и поддерживающей обстановки для детей.

Также в плане работы упоминаются воспитательные цели, такие как развитие дружеских отношений, соблюдение санитарных норм и забота об окружающей среде. Все эти аспекты создают целостный подход к обучению, основанный на уважении и любви к природе, искусству и себя самого.

Таким образом, данный документ служит не только инструкцией для педагогов, но и источником вдохновения для родителей, желающих активно участвовать в образовательном процессе своих детей. Мы уверены, что такие подходы к обучению помогут нашим детям расти творческими и уверенными в себе личностями.

Предпросмотр

145 «Балапан» бала бақшасы






Педагогтардың тәрбиелік
білім беретін жұмысының
тақырыптық жоспары



8 «Құлыншақ» естияр топ тәрбиешілері:
Аққісі Раш Бәисейт қызы
Арконова Алмагүл Қаират қызы









Бекітемін: ____________
КМҚГМ №145 «Балапан»
Бала бақшасының директоры
Сакенова А.М.


Қыркүйек айы «Балалар әлемі»

Оқу іс-әрекетінің
тақырыбы

Оқу іс-әрекетінің мақсаты

Сағат саны

1

Сурет.
«Менің түрлі-түсті бояуларым»

Сурет сала білуге, түстерді айыра білуге, негізгі түстерден қосымша түстерді ала білуге үйрету.
Қызығушылығын, шығармашылық сезімдерін дамыту.
Достық қарым-қатынасқа, мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

2

Сурет.
«Үй»

Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы баланың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын ояту. Оқу іс-әрекеті кезіндегі ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу.

1

3

Сурет.
«Сиқырлы дөңгелектер»

Дөңгелек пішінді заттарды бояй білуге үйрету.
Балалардың көз мөлшерін, байқампаздығын дамыту.
Өз бетінше еңбектене білуге үйрету.

1

4

Сурет.
«Ойыншықтар»

Ойыншықтар суретін салуға үйрету.
Іс-әрекетке деген қызығушылықтарын дамыту, ептілікке ойыншықтардың әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

1

Қазан айы. «Табиғаттан үйренейік»

5

Сурет.
«Күзгі жапырақтар»

Балаларды бейнелеу өнерінің түрлі пейзажбен таныстыру. Табиғатты бейнелей білу дағдысын дамыту. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

1

6

Сурет.
«Дәмді алмалар»

Алма жемісінің дәмі, түсі, пішіні, пайдасы туралы білімдерін бекіту.
Сурет салуға, бояуға деген қызығушылық
тарын арттыру.
Ұқыпты, тиянақтылыққа, сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

7

Сурет.
«Көкөністер» (қиярлар)

Көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Қиярдың суретін сала білуге үйрету.
Таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.

1

8

Сурет.
«Ақша бұлттар»

Дөңгелек заттардың пішішін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту. Сурет салуға іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Бір-бірін тыңдай білуге, келісе отырып еңбек етуге тәрбиелеу.

1

9

Сурет
«Биік үйлер»

Білімдік: Үйлердің әр түрлі көлемде болатындығы туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері қатты картон қағазбен сурет салудың тәсілімен таныстыру. Техникалық іскерлік пен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлкендердін еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.




Қараша айы. «Құстар мен жануарлар әлемі»

10

Сурет.
«Өз еркімен»

Тұрмысқа қажетті заттардың пайдасы, маңызын білдіру.
Балалардың бойында іскерліктерін дамыту.
Тұрмыс бұйымдарына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.


1

11

Сурет
«Менің сүйікті мысығым»

Мысықты сыртқы пішіні мен дене мүшелердің ерекшеліктерін дұрыс бейнелей білуге үйрету. Бөлу іскерлігімен, шығармашылықтарын дамыту. Жұмыс істеуге тәрбиелеу.


11

Сурет.
«Ақ қоян»

Қыс кезіндегі қоянның тіршілігі, мекенімен таныстыру, қоян бейнесін сала білуге үйрету.
Шығармашылығын шыңдау, ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

1

12

Сурет.
«Батыл әтеш»

Балаларға үй құстары туралы түсінік беру. Әтеш бейнесін сипаттап, бейнелей білуге үйрету.
Ойлау қабілеттерін, қол икемдіктерін дамыту.
Құстарға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

1

Желтоқсан айы. «Бізді қоршаған орта»

13

Сурет.
«Қысқы пейзаж»

«Пейзаж» туралы түсінік беру. Сурет салуда қыс мезгілінің ерекшеліктерін көрсете білуді үйрету.
Қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту.
Таза, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

1

14

Сурет.
«Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?»

Дөңгелек пішіні туралы түсініктерін бекіту, дөңгелекті белгілі бір заттың бейнесіне келтіріп сурет сала білуге үйрету.
Ой-қиялын, тапқырлық сезімін дамыту.
Шыдамдылыққа, еңбекке баулу.

1

15

Сурет.
«Орамалды әшекейлеу»

Орамалды әшекейлеу жолдарымен таныстырып, өз бетінше орындауды үйрету.
Белгілі бейне сала білу дағдыларын дамыту.
Өз бетінше таза, көркем бейне жасай білуге тәрбиелеу.

1

15

Сурет.
«Қысқы табиғаттағы шыршалар»

Шырша ағашы туралы түсінік беру, маңызымен таныстыру.
Сурет салу барысында қысқы табиғат ерекшеліктерін бере білу дағдыларын дамыту.
Сурет салғанда ынта-жігермен, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

1

16

Сурет.
«Біздің әсем шыршамыз»

Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін бекіту.
Түрлі боялармен шырша салып, безендіре білуге үйрету.
Қызығушылықтарын арттыру.
Ұқыптылыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

1

Қаңтар айы. «Бізді қоршаған орта»

17

Сурет.
«Көп доптар»

Доптың маңызымен, доппен ойналатын ойын түрлерімен таныстыру. Түрлі боямен дөңгелек доп жасай білуге үйрету.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.
Өз бетінше ұқыпты еңбектене білуге үйрету.


1

18

Сурет. «Аю»

Балаларды Қазақстандағы жабайы аңның бір түрі аюмен таныстыру. Дөңгелету әдісімен аю бейнесін сала білуге үйрету.
Балалардың қызығушылықтарын арттыру, қол икемдерін дамыту.
Берілген тапсырманы нақты, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.


1

19

Сурет.
«Тоты құс»

Тоты құс тіршілігімен, ерекшелігімен, мекенімен, қорегімен таныстыру. Бояумен бейне сала білуге үйрету.
Балалардың ақыл ойын, қызығушылығын, шығармашылығын дамыту.
Көркемдік талғамды сезіне білуге тәрбиелеу.

1

Ақпан айы. «Үлкендер мектебі»

20

Сурет.
«Торсықты әшекейлеу» (Қазақ ұлттық ою-өрнектерін салу)

Балаларды дайын бұйымдарға қазақтың ою-өрнектерін салуға үйрету.
Өрнек құрастыру, түс реңкін сақтай білу дағдыларын дамыту.
Өз ұлтына, затына, ою-өрнегіне деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

1

21

Сурет.
«Күн шуақтары». Өз бетінше сурет салу

Өз беттерінше бірнеше бөліктерден тұратын бейнелі композиция құра білуге үйрету.
Табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Табиғат әсемдігін әсерлі қабылдай алуға тәрбиелеу.

1

22

Сурет.
«Ауыр жүк көлігі»

Көлік туралы ұғымдарын бекіту. Жүк көліктеріне тән пішіндерді бере білуге үйрету.
Балалардың ақыл-ойын, қызығушылығын, шығармашылығын дамыту.
Өз беттерінше мұқият, ұқыпты сурет сала білуге тәрбиелеу.

1

23

Сурет.
«Сырмақты әшекейлейік»

Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, ою-өрнекті симметриялы орналастыра білуге үйрету.
Көзбен шамалау дағдысын, эстетикалық талғамын дамыту.
Өз ұлтына, затына, ою-өрнегіне деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.


1

Наурыз айы. «Көктем келді»

24

Сурет.
«Көктем келді»

Табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді бере білуге үйрету. Дымқыл қағазға сурет салу тәсілін бекіту.
Жыл мезгілдері жөніндегі ұғымдарын дамыту, шығармашылығын шыңдау.
Табиғат құбылыстарына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.


1

25

Сурет.
«Қызғалдақ»

Қызғалдақ гүлінің ерекшелігімен таныстыру, бояумен гүлдің өңін, құрылымын, сабағын бере білуге үйрету.Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.Тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

1

26

Сурет.
«Камзолды әшекейлеу»

Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру. Бояулардың реңін сақтай отырып ою құрастыра білуге үйрету.Балалардың шығармашылығын дамыту.Өз ұлтына, затына, ою-өрнегіне деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

1

27

Сурет.
«Қазақтың ұлттық бас киімін әшекейлеу» (сәукеле)

Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Балалардың көзбен шамалау, эстетикалық талғамын дамыту. Ұлттық салт-дәстүр, ою-өрнек, киім-кешектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

1

Сәуір айы. «Қоршаған орта өзгерістері»

28

Сурет.
«Қозым жейтін шөптер»

Қылқаламмен «нүктені сызу», «жылдам қозғалыс» әдіс-тәсілдерімен бейнені сала білуге үйрету.
Балалардың көз мөлшерімен, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Табиғатты қорғай білуге, қамқор бола білуге тәрбиелеу.

1

29

Сурет.
«Зымыран»

Аспан әлемі композициясын құра білуге, цилиндр пішінін салу арқылы ұшақ бейнесін келтіруге үйрету.
Балалардың космос әлеміне қызығушылығын дамыту.
Өз бетінше ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

1

30

Сурет.
«Екі кішкентай үйлер»

Геометриялық пішіндерден мазмұнды композиция жасау білуге үйрету.
Тұрғын үй ерекшеліктері жөніндегі ұғымдарын дамыту, шығармашылығын шыңдау.
Өз бетінше таза, көркем бейне жасай білуге тәрбиелеу.

1

31

Сурет
«Бақбақтар» (көктем гүлдері)

Бақбақ гүлінің ерекшелігімен таныстыру, бояумен гүлдің өңін, құрылымын, сабағын бере білуге үйрету.
Көктем гүлдеріне сай бояу түрлерін дұрыс таңдай білу дағдысын дамыту.
Әсемдікті әсерлі сезіне білуге тәрбиелеу.

1

Мамыр айы. «Мамырмен бірге келген мерекелер»

32

Сурет.
«Мерекеге дайындық»

Мереке туралы түсінік беру. Жалау бейнесін бояу қарындашпен дұрыс бере білуге үйрету.
Балалардың шығармашылығын шыңдау, қызығушылығын арттыру.
Сыйластық қарым-қатынасқа, сый-құрметке тәрбиелеу.

1

33

Сурет.
«Мерекелік отшашу»

Мақталы таяқшалармен түрлі бояулардан отшашу бейнесін бере білуге үйрету.
Балалардың көзбен шамалау, эстетикалық талғамын дамыту.
Таза, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.


1

34

Сурет.
«Құстар тобы»

Суретте құстарды әр түрлі қозғалыста екенін қарындашты ақырын басу арқылы бере білуге үйрету.
Балалардың көз мөлшерімен, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Құстарды қорғай білуге, қамқор бола білуге тәрбиелеу.


1

35

Сурет.
«Гүлді алма ағаштары»

Мақталы таяқшалармен заттың образын анық бере білуге үйрету.
Алма ағаштары туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылықтарын дамыту.
Ағаштарды қорғай білуге, қомқор бола білуге тәрбиелеу.


1

36

Сурет.
Өз бетінше сурет салу «Жаз келді»

Өз беттерінше түрлі бейнелеу материалдарын қолдана отырып, жаз мезгілін бейнелеуге үйрету.
Балалардың шығармашылық, қиялдау қабілеттерін дамыту.
Композицияны әдемі, ұқыпты, талғаммен құрастыра білуге тәрбиелеу.


1

Барлық сағат саны:

36









Қыркүйек айы «Балалар әлемі»

Оқу іс-әрекетінің
тақырыбы

Оқу іс-әрекетінің мақсаты

Сағат саны

1

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Менің отбасым»

Отбасы туралы түсінік беру. Өз отбасы жайында әңгімелеп бере алуға үйрету.
Балалардың сөздік қорын молайту, сипаттай білу дағдыларын дамыту.
Отбасы мүшелеріне деген сыйластық сезімге, сүйіспеншілікке, құрметтей білуге тәрбиелеу.

1

2

Қоршаған ортамен таныстыру
«Менің балабақшам және достарым»

Балабақша жайында түсінік беру. Достарын сипаттай білуге үйрету.
Балабақша өміріне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Достық, сыйластық қарым-қатынасқа, балабақша қызметкерлеріне деген құрмет сезімге тәрбиелеу.

1

3

Қоршаған ортамен таныстыру
«Менің Отаным – Қазақстан»

Қазақстан республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет екені жайлы, Рәміздері туралы мәлімет беру.
Отан жайлы ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Сүйіспеншілік сезімдерін ояту, патриот болуға баулу.

1

4

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Туған өлкем тамаша»

Туған өлке туралы мәлімет беру.
Туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатқа, жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1

Қазан айы. «Табиғаттан үйренейік»

5

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Күз»

Күзгі табиғат өзгерістері жайлы ұғымдарын қалыптастыру.
Балалардың байқампаздық, сүйіспеншілік қасиеттерін дамыта түсу.
Күзгі табиғаттың сүйкімділігіне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

1

6

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Күзгі еңбек» (Дихандар мен бағбандар еңбегі)

Балалардың қала мен ауыл арасындағы айырмашылық (адам еңбегі) туралы білімдерін бекіту.
Күздегі дихандардың еңбегі туралы түсініктерін дамыту
Адамдар еңбегіне және нанға деген құрметке тәрбиелеу.

1

7

Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Күз сыйлықтары»

Күзгі табиғат өзгерістері жайлы ұғымдарын қалыптастыру.
Балалардың байқампаздық, сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту.
Қоршаған ортасына деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.


1

8

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Бөлме өсімдіктері»

Өсімдіктердің (гүлдердің) алуан түрлілігі жайлы және олардың бөлмеде өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктердің адам өміріне пайдасы туралы ұғымдарын кеңейту..
Бөлме өсімдіктеріне қамқорлықпен
қарауға тәрбиелеу.

1

Қараша айы. «Құстар мен жануарлар әлемі»

9

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Үй жануарлары адамдарға не береді?»

Балаларды үй жануарларына тән белгілерді анықтай білуге үйрету.Балалардың қоршаған орта туралы ұғымдарын, сөздік қорын дамыту. Сүйіспеншілдікке, бауырмалдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

1

10

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Орман – бұл аңдардың мекені»

Орманды мекендейтіндердің бір-бірімен байланысы және олардың бір-біріне қоректік бағыныштылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балалардың ой-өрісін дамыту.
Табиғатты бақылап, қамқор бола білуге тәрбиелеу.

1

11

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Орман бұл құстардың мекені»

Ормандағы негізгі буын - өсімдіктер, олармен құстар да қоректенетіні, жыл құстарының ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Балалардың ақыл-ойын, түсінігін дамыту.
Табиғатқа деген қамқоршылық сезімге тәрбиелеу.

1

Желтоқсан айы. «Бізді қоршаған орта»

12

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Қыс»

Қыс туралы түсінік беру. Қардың қалай және қайдан пайда болатыны туралы ұғым беру.
Жыл мезгілдері туралы білетін білімдерін кеңейтіп, дамыту.
Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

1

13

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Өзіңді сақта»

Өміріне қауіпті жағдайларда өзін-өзі құтқару шараларын білуге үйрету.
Қоршаған орта жайында түсініктерін дамыту.
Көмектесе білуге қамқоршылық, адамгершілік сезімге тәрбиелеу.

1

14

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Қазақстан Республикасының Рәміздерімен танысамыз»

Отаны туралы түсініктерін бекіту, Рәміздер туралы түсінік беру.
Өз еліне деген қызығушылықтарын арттырып, тілдік қорын молайту.
Еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімге баулып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

1

15

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Туған өлкедегі қыс қызықтары»

Қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Сурет бойынша әңгімелеуде өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
Балалардың қызығушылығын, сөздік қорын, ақыл-ойын дамыту.
Адамдардың қысқы еңбегіне құрметпен қарауға, табиғат құбылыстарын сезіне білуге тәрбиелеу.

1

16

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Жасыл шырша маңында»

Жаңа жыл мерекесі жөнінде ұғымын бекіту. Мереке туралы өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету.
Балалардың қызығушылығын, зейінін, сөздік қорын дамыту.
Өзара сыйластық құрметке тәрбиелеу.


1

Қаңтар айы. «Бізді қоршаған орта»

17

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Дені саудың жаны сау»

Денсаулықты нығайту, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын үйрету. Мәдени-гигиеналық шаралардың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Балалардың қызығушылығын, ақыл-ойын дамыту.
Ыстық-суыққа төзімді, таза жүруге тәрбиелеу.

1

18

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Жануарлар қыста қайда мекендейді?»

Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, қысқы ауа райына бейімделуі туралы түсінік беру.
Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

1

19

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Құстарға қамқорлық» (Қыстап қалатын құстар)

Қыстап қалатын құстармен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрату. Құстар туралы көргендерін баяндай білуге үйрету.
Балалардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Құстарды қамқорлық жасап күтуге, жанашырлық сезімге тәрбиелеу.

1

Ақпан айы. «Үлкендер мектебі»

20

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Халық шеберлерінде қонақта»

Халық шеберлерінің еңбегімегн таныстыру.
Балалардың қызығушылығын, ақыл-ойын дамыту.
Өзара сыйластық құрметке тәрбиелеу.


1

21

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Құрылыс мамандықтары, үлкендердің еңбегі»

Мамандық түрлері туралы жалпы түсінік беру. Сурет бойынша құрылысшы мамандығы жөнінде жүйелі әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру.
Еңбекке деген құштарлығын ояту.


1

22

Қоршаған ортамен таныстыру
«Көлік түрін таңдаймыз»

Көлік туралы, олардың адам өміріндегі маңызы туралы жалпы түсінік беру.
Қоршаған орта жайында түсініктерін дамыту.
Жолда жүру ережесін әр кез жадында ұстауға тәрбиелеу.

1

23

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Үлкендерді сыйлайық»

Сыйластық қарым-қатынас, әдептілік ережелерімен таныстыру.
Балалардың ой-өрісін дамыту.
Адамгершілік тәрбие беру.

1

Наурыз айы. «Көктем келді»

24

Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Көктем келді»

Көктем мезгілі туралы түсініктерін тиянақтау. «Көктем келбеті» тақырыбына жүйелі әңгіме құрату.
Сұрақтарға толық жауап беру арқылы балалардың сөздік қорын байыту.
Көктемгі еңбеук туралы түсіндіріп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

1

25

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Аналар мерекесі»

Аналар мерекесі туралы түсінік беру. Білетін өлеңдерін айтқызып, сурет бойынша әңгіме құратқызу.
Мейірімді сөздерді айтқызу арқылы сөздік қорын дамыту.
Аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

1

26

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Ұлттық дәстүрлер»

Еліміздің мақтанышына айналған ұлттық дәстүрлермен таныстыру.
Сұрақтарға толық жауап бере отырып анық сөйлеу дағдысын дамыту.
Елін сүйіп, дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.


1

27

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Наурыз – көктем мерекесі»

Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Мерекелік көңіл күйді көтеріп, ұлттық ойындар туралы ұғымын бекіту.
Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы сөздік қорын дамыту.
Салт-дәстүрді құрметтеуге, мақтаныш сезімге тәрбиелеу.

1

Сәуір айы. «Қоршаған орта өзгерістері»

28

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Ақ молайды»

Көктем мезгілі ерекшелігі, төрт түлік тіршілігі туралы түсініктерін бекіту.
Балалардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Төрт түлік малды қамқорлық жасап күтуге, жанашырлық сезімге, ақты құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.

1

29

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Ғарышкер күні»

Ғарыш әлемі, ғарышкер мамандығы туралы түсінік беру.
Өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру.
Еңбекке деген құштарлығын ояту.

1

30

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Әсем қала – Қарағанды»

Қарағанды қаласы туралы түсініктерін тиянақтау. Қаланың көрікті жерлерін атап, сурет бойынша әңгіме құрату.
Тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
Елін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

1

31

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Ауа, су, жарық»

Адам өміріне аса қажет құбылыстармен таныстыру.
Сурет бойынша әңгіме құратып, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Үнемділікке, қамқорлыққа сезімге тәрбиелеу.

1

Мамыр айы. «Мамырмен бірге келген мерекелер»

32

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Халықтар достығы»

Баланың өзін тануы, қоршаған ортаны, достас халықтармен қарым-қатынасы, ортада өзін ұстауы туралы түсінігін кеңейту.
Суреттер бойынша әңгіме құрату арқылы ой-өрісін, тілдік қорын дамыту.
Достастық, бейбітшіл қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


1

33

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Отан қорғаған ерлер»

Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсетіп, ел жадында мәңгі қалған ер жүрек адамдар туралы түсінік беру.
Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Патриоттық тәрбие беру.


1

34

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Қала мен ауыл өмірі»

Қала мен ауыл тіршілігі туралы түсінік беріп, айырмашылығын айта білуге үйрету.
Салыстыру арқылы сөздік қорын молайту, түсінігін кеңейту.
Қала мен ауыл еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.


1

35

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Жаз, бізге не сыйлайсың?»

Жаз мезгілі туралы түсініктерін беру. Жазғы ойын, еңбек түрлерімен таныстыру.
Сөздік қорларын молайтып, қызығушылықтарын арттыру.
Халық болжамдарын білуге тәрбиелеу.


1

36

Қоршаған ортамен таныстыру.
«Жаз келді»

Жаз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша әңгіме құрастырып, табиғи көріністерді өмірмен байланыстыра баяндауға үйрету.
Сөздік қорларын молайтып, қызығушылықтарын арттыру.
Жазғы еңбек туралы түсінік беріп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


1

Барлық сағат саны:


36


Оқу іс-әрекетінің
тақырыбы

Оқу іс-әрекетінің мақсаты

Сағат саны

1

Математика
«Пішіндерді еске алайық»

Пішіндерді еске түсіру, көлемдерін салыстыруға үйрету.
Көлем, пішін туралы ұғымдарын дамыту.
Берілген тапсырмаларды орындай білуге тәрбиелеу.


1

2

Математика
«Пішіндердің көлемі бірдей ме?»

Пішіндерді және көлемдерді салыстыра білуді бекіту.
Көлем, пішін туралы білетін ұғымдарын одан әрі дамыту.
Тапсырмаларды өз бетінше орындай білуге тәрбиелеу.


1

3

Математика
«Қанша болса,сонша»
«Тең» ұғымын еске алайық

Заттарды санап, теңестіре білуге үйрету. Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын еске түсіру.
Балалардың ақыл-ойын, зейінін дамыту.
Мұқияттылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

1

4

Математика
«Үлкен, кіші ұғымдары»

Заттарды пішініне қарай салыстырып, айырмашылығын анықтай білуге үйрету.
Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Тапсырманы мұқият, зейін салып орындауға тәрбиелеу.

1

5

Математика.
«1мен2, 2мен3 затты салыстыру»т.

Көрнекі құралдарды салыстыру арқылы көп, аз, жалпы саны, кем артық ұғымдарын бекіту.
Балалардың ақыл-ойын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларды оң жақ, сол жағын (қолын, иығын, аяғын) айыра білуге, мұқият болуға тәрбиелеу


1

6

Математика.
6-оқу іс-әрекеті

1 және 2, 2 және 3, заттарды топ заттардан бөліп ала білуге үйрету. Бағытты көрсете білуін дамыту: жоғары, төмен, алға, артқа, оңға, солға. Тәрбиешіні тыңдай білуге, сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

7

Математика.
Тақырыбы: 7 оқу іс-әрекеті

3 – санына дейін дұрыс санауды үйрету. Оңы мен солын таныту, кем, артық, аз, көп, тең ұғымдарын еске түсіру.
Балалардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық тілін дамыту.
Мұқият болуға, санай білуге, сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

8

Математика.
7 оқу іс-әрекетін қайталау 68-бет.

3 – санына дейін дұрыс санай білуді және оңы мен солын таныту, кем, артық, аз, көп, тең ұғымдарын бекіту.
Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Берілген тапсырманы ұқыпты, мұқият орындай білуге тәрбиелеу.

1

9

Математика.
«4 санының пайда болуы»

Балаларды 4 санының пайда болуымен таныстыру, 4-ке дейін санауға үйрету.
Пішіндерді айыра білу дағдысын дамыту.
Дұрыс отырып тыңдай білуге, мұқият болуға тәрбиелеу.


1

10

Математика.
«4 саны шеңберінде санай білуін бекіту»

Заттарды 4 саны көлемінде санай білу қабілетін бекіту.
Балалардың ақыл-есін, зейінін, ойлау қабілетін дамыту.
Мұқият санай білуге, салыстыра білуге, толық жауап бере білуге тәрбиелеу.


1

11

Математика.
«5санының пайда болуы»

5-ке дейін санату, 5 санының пайда болу жолдарымен таныстыру.
Заттардың ұзындығы бойынша салыстыру ұғымдарын дамыту.
Берілген тапсырманы нақты орындай білуге тәрбиелеу.

1

12

Математика.
«4 пен 5 сандарының 5саны көлемінде пайда болуы» 71-бет.

Заттарды белгілі бағытта санай білуге, салыстырып, қорытынды шығара білуге үйрету.
Балалардың математикалық тілін, ақыл-есін дамыту.
Өзін сергек, мұқият ұстауға, дәлдікке, үнемділікке тәрбиелеу.


1

13

Математика.
«Көлемі, түсіне қарамай пішіндерді айыру»

Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту. Пішіндерді ерекшеліктеріне қарай атай білуге үйрету.
Санай білу дағдысын дамыту.
Дәлдікке, мұқияттылыққа, салыстырып, қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.


1

14

Математика.
«Ұзынырақ, қысқалау, ұзын-қысқа» ұғымдары

Заттардың ұзындығын салыстыра білу ұғымдарын бекіту.
Ой-қиялын, зейінін, математикалық тілін дамыту.
Достық қарым-қатынасқа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


1

15

Математика
«Заттардың ұзындығы мен енін салыстыру»

Заттарды ұзындығы мен еніне қарай салыстырып, айырмашылықтарын анықтай білуге үйрету.
Математикалық ұғымдарын кеңейтіп, дамыту.
Тапсырманы мұқият орындауға тәрбиелеу.

1

16

Математика.
«6 саны көлеміндегі заттарды ұзындығы,ені,биіктігі бойынша салыстыру»

Заттарды санай білуге, салыстырып ұзындығын, енін, биіктігін анықтай білуге үйрету.
Балалардың ой-өрісін, байқампаздық қабілетін дамыту.
Мұқият болуға, үнемділікке тәрбиелеу.

1

17

Математика.
«Әр көлемдегі заттардың тең немесе тең еместігін көре білу»

Заттарды санай білуге, салыстырып, айырмашылығын анықтай білуге, санын теңестіре білуге үйрету.
Балалардың ақыл-ойын, зейінін, қызығушылығын дамыту.
Шапшаң олауға, толық жауап беруге тәрбиелеу.

1

18

Математика.
«Ұзынырақ – қысқарақ », «Алыс – жақын»

Саны бірдей заттардың әр түрлі болып орналасуын аңғарту. Ұзын-қысқа ұғымдарын бекіту. Ой-қиялдарын дамыту. Байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

1

19

Математика.
«Жақын - алыс»

Балаларға әр түрлі заттардың тең болғанын теңестіріп көрсету. Бір бағытта ғана емес, әр түрлі бағытта орналасқанын, заттарды санай білуге жаттықтыруға тәрбиелеу. «Жақын-алыс» ұғымын бекіту.

1

20

Математика.
«Жақын-алыс» бекіту

Саны бірдегі заттардың әр түрлі болып орналасуын үйрету. Жақын-алыс ұғымдарын бекіту, ой-қиялдарын дамыту. Байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

1

21

Математика.
«Алға, артқа; оң жақта, сол жақта»

Балаларға әр түрлі қашықтықта орналасқан әр топтағы заттардың тең немесе тең емес екендігін айыра білуге, заттардың санын салыстыруға үйрету. Өзінен бастап, заттың орналасқанын (алдында, артында, оң жақта, сол жақта) айта білуге дағдыландыру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

1

22

Математика
«Ең ұзын, ең қысқа, ұзынырақ, қысқарақ»

Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша екі бірдей заттарды бір біріне қою және беттестіру тәсіл-дерін қолдануға үйрету. Заттардың түрлі көлемде өсу және кему ретімен қойып орналасуын сөзбен айтып салыстыру дағды-ларын қалыптастыру. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

1

23

Математика
Тақырыбы: 22 оқу іс-әрекетін қайталау 80-бет.

Балаларды ұзындығы және көлеміне қарай 3 затты беттестіру тәсілдерін қолдануын бекіту. Заттардың түрлі көлемде өсу және кему ретімен қойып орналастыру және салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Берілген тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.

1

24

Математика.
«Ең тар, кең, кеңдеу, тарлау»

Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін салыстыруға үйрету. Заттардың көлемдерінің бір-бірімен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып, айту шеберлігін қалыптастыру. Оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру.

1

25

Математика.
Қайталау. 81-бет

Заттың ені мен ұзындығын айыра білуін бекіту, ені мен ұзындығын салыстыра білуге үйрету. Балаларды беттестіру жолдарымен заттардың ені мен ұзындығын дұрыс анықтай білуге жаттықтыру. Зейін қойып тыңдауға тәрбиелеу.

1

26

Математика.
«Пішіндердің ені бойынша салыстыру»

Балаларды тіктөртбұрышпен таныстыра отырып, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрышты айыра білуге үйрету. Заттарды енінің өсуіне байланысты орналастыруға дағдыландыру. Берілген тапсырманы аяғына дейін орындауға тәрбиелеу.

1

27

Математика
«Түсі мен өлшеміне қарай табу»

Көлемдері бірдей түстері мен өлшемдері әр түрлі пішіндерді ажырата білуге үйрету. Санау дағдыларын дамыту.

1

28

Математика.
«Затты қалыңдығына қарай салыстыру»

3 затты қалыңдығына қарай топтастыра білуге үйрету. Заттарды қалыңдығына қарай өсу және кему ретімен бір қатарға орналастыра білуге жаттықтыра отырып, ең жуан, ең жіңішке, жуандау, жіңішкелеу ұғымдарын пайдалана отырып айтуға дағдыландыру. Берілген тапсырманы дұрыс тыңдай отырып орындауға тәрбиелеу.

1

29

Математика.
«3-затты биіктігіне қарай салыстыру»

Үш затты биіктігіне қарай салыстыра білуге үйрету. Заттарды биіктігіне қарай бір қатарға өсу және кему ретімен орналастыра білуін қалыптастыру. Тапқырлыққа тәрбиелеу.

1

30

Математика.
«5 затты ұзындығы бойынша салыстыру»

Бес затты ұзындығы бойынша салыстыра білуге үйрету. Заттарды ұзындығына қарай бір қатарға орналастыра білу дағдыларын дамыту. Берілген тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.

1

31

Математика
«4 затты биіктіктері бойынша салыстыру»

Төрт затты биіктіктері бойынша салыстыра білуге үйрету. Заттарды биіктігіне қарай орналастыра білуін қалыптастыру. Ой-қиялдарын дамыту.

1

32

Математика.
«Пішіндерді айыра білу ұғымын бекіту»

Аталған санды зат арқылы санай білуге үйрету. Ойыншықтарды аталған сан бойынша санап алуға дағдыландыру.
Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту, ақыл-есін, зейінін дамыту.
Мұқияттылыққа, дәлдікке, үнемділікке тәрбиелеу.

1

33

Математика.
32 оқу іс-әрекетін қайталау

Өткен оқу іс-әрекетін дамыту мақсатында қайталап, бекіту тапсырмаларын орындату.
Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту, ақыл-есін, зейінін дамыту.
Мұқияттылыққа, дәлдікке, үнемділікке тәрбиелеу.

1

34

Математика.
«5 заттың әр түрлі өлшемін табуды бекіту»

Шар, куб, цилиндр туралы, оршықты, орнықты емес бұрыштары туралы, бес затты ұзындығы бойынша қатынасын ажырата білуге үйрету.
Көлем, пішін туралы білетін ұғымдарын одан әрі дамыту.
Тапсырмаларды өз бетінше, тиянақты орындай білуге тәрбиелеу.


1

35

Математика
Өткенді қайталау

Жыл бойы алған білімдерін қайталап, бекіту.
Ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Математикалық терминдерді дұрыс атау арқылы тілін байыту.
Санай білуге, мұқият болуға, толық жауап беруге, тиянақты болуға тәрбиелеу.

1

36

Математика.
Өткенді қайталау

Жыл бойы алған білімдерін қайталап, бекіту.
Ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Математикалық терминдерді дұрыс атау арқылы тілін байыту.
Санай білуге, мұқият болуға, толық жауап беруге, тиянақты болуға тәрбиелеу.

1

Барлық сағат саны:


36