Геометриялық пішіндер: Тіл дамыту және математика сабақтары
В данном документе представлен урок, посвященный теме «Геометриялық пішіндер». Тәрбиеші Ержан Айгүл Жақсылыққызы проводит занятие для детей из Кіші қазақ тобы и ориентируется на развитие языковых навыков, понимание простых математических понятий.
Цели урока ясны: дети должны научиться различать и называть геометрические формы, наблюдая за окружающими предметами. Этот процесс помогает развить их мышление и улучшить зрительное восприятие. Урок начинается с приветствия и создания эмоционального настроя через музыкальную активность «Шаттық шеңбер».
В уроке используются различные словесные игры и загадки о геометрических формах. Каждый этап занятия призван повысить интерес детей к обучению и активным действиям, таким как создание геометрических фигур с использованием наглядных материалов.
Экспериментальное обучение — ещё один аспект этого занятия. В процессе работы дети помогают друг другу, обсуждают, сравнивают разные фигуры и их характеристики, что способствует формированию социального взаимодействия между ними.
Подводя итоги, дети фиксируют знания, полученные в ходе урока, и подчеркивают важность каждого изученного элемента. Эта методика преподавания открывает двери для более глубокого понимания света вокруг и помогает развивать навыки, которые будут полезны в дальнейшей учебе.
Тәрбиеші:Ержан Айгүл Жақсылыққызы
Тобы:Кіші қазақ тобы
Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Тіл дамыту,құрастыру,қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру.
Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.
Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін толықтыру,оларды ажыратып атай білуге үйрету, пішіндерді бақылау арқылы айналадағы заттардың пішіндерінің ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата білуін және ой-өрісін жетілдіру.
Сөздік жұмыстар: Геометриялық пішіндер,шаршы,тік төртбұрыш,үшбұрыш,сопақша,шеңбер.
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндердің кесінділері,атрибуттар,үлгі суреттер.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келіпті.Сәлемдесу тәрбиенің басы демекші қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбер:
-Қане,қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды күніміз.
Тәрбиеші:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа-райы қандай болады, қандай өзгерістер болады?
-Жақында қандай мерекені атап өттік?
-Қыс мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді?
Тәрбиеші: Балалар сендерге пішіндер туралы жұмбақ жасырсын, сендер шешуін таба алар ма екенсіңдер?
1. Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар,
Бұл қандай пішін.
Балалар: (төртбұрыш ).
- Төртбұрыш неге ұқсайды?(терезеге, есікке, тақтаға)
- Менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай екен?
- Қызыл төртбұрыш.
- Енді тағы бір жұмбақ жасырсын.
2. Үш бұрышы бар
Үш қабырғасы бар,
Бұл қандай пішін.
Балалар: (үшбұрыш ).
- Бұл – үшбұрыш. Неге үшбұрыш деп атаймыз?
- Оның үшбұрышы бар.
- Үшбұрыштың түсі қандай екен?
- Сары үшбұрыш.
- Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай?
- Үлкен, кіші.
- Үшбұрыштар неге ұқсайды екен?(үйдің шатырына, тұмарға)
3.Допқа өзі ұқсайтың,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар...
Балалар: (Дөңгелек.)
- Түсі қандай екен?
Тәрбиеші:Дөңгелек неге ұқсайды?
- Допқа, алмаға, күнге ұқсайды.
Тосын сый:Қонаққа геометриялық пішіндер келеді.
Арлан: Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үшбұрыш бол үйлердің,
Шатырына ұқсайды.
Зияд: Бөлініп ап екіге.
Отырған сәт шетінде,
Төртбұрышта ұқсайды,
Үстелдердің бетіне.
Амира: Өмірің менің қызық,
Жолыңда жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ, аяғы
Бір айналым баяғы
Тәрбиеші: Балалар қане,орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
1,2,3
Бойға жина күш,
Терезені ашамыз,
Таза-ауа жұтамыз.
Тәрбиеші:Жарайсындар балалар!
Дидактикалық ойын: «Үй құрастыру»
-Үйдің шатыры қандай пішінге ұқсайды?
-Үйдің қабырғасы қай пішінге ұқсайды?
Пішіндерден үй құрастыру.
Қорытынды:
Балалар біз қандай пішіндермен таныстық?
-Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?
-Ия,ұнады.
Тәрбиеші: Ауа-райы қандай – Тамаша.
Келген қонақтар қандай – Тамаша.
Біздің балалар қандай – Тамаша.
Қыс мезгілі қандай – Тамаша .
Балалар осымен біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Енді келген қонақтармен қоштасайық.