Сабақтың жоспары: Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің тарихы
Данный урок посвящен изучению истории воспитательных программ для детей дошкольного возраста. Мы окунемся в прошлое, чтобы понять, как формировались педагогические подходы, какие тенденции и изменения происходили в образовательной сфере. Урок наполнен интересными фактами и методиками, которые помогут студентам не только осознать важность и значение дошкольного воспитания, но и оценить его развитие в разные исторические периоды.
На уроке обсуждаются ключевые документы, такие как «Балабақша және ошақты жүргізу бойынша нұсқаулық», который стал основополагающим в организации детского воспитания. Мы изучим, какие принципы были заложены в этот документ и как они отразили потребности общества того времени. Кроме того, будет рассмотрен вопрос о том, как программы воспитания адаптировались к меняющимся условиям и потребностям педагогического процесса.
Важным моментом лекции станет обсуждение различных методов, используемых в обучении, таких как игровые методики, практические занятия и методические рекомендации для педагогов. Студенты узнают о вызовах и препятствиях, с которыми сталкивалась дошкольная педагогика, а также о лучших практиках и успешных примерах использования программ для воспитания и обучения детей.
Не менее интересным станет изучение вопроса о том, как национальные особенности влияли на развитие воспитательных идей, какие инновации были предложены педагогами, и каковы были результаты их внедрения для общества в целом. Урок также включает в себя практические задания, направленные на развитие навыков критического мышления и анализа, что позволит студентам глубже понять значение программы воспитания для формирующейся личности дошкольника.
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні/ Дата/ Date:
Топ/ Группа/ Group:
Пән/ Предмет/ Subject: Педагогика
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Мектепке дейінгі жас балаларды тәрбиелеуге арналған бағдарламалардың шығу тарихы.
Сабақтың үлгісі / Типзанятия/ Type of the lesson: дәріс
Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: дәріс әңгімелесу элементтерімен
Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :
білімдік / образовательная/ educational: студенттерге мектепке дейінгі ұйымның негізгі құжаты тәрбие бағдарламасының тарихи өткен жүйесінің қалыптасу кезеңдері туралы білімдерін қалыптастыру.
дамытушылық/ развивающая/ developing: дәріс барысында негізгі деректерді таңдап, жазу іскерліктерін дамыту.
тәрбиелік/ воспитательная/ bringing-up: пәнге,тақырыпқа деген қызығушылықтарын, ұқыптылықтарын, зейін тәрбиелеу
Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: дәріс, флипчарт, бағалау парақшалары, үлестірмелі құралдар
Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа психологиялық ахуал тудыру
- Топтарға бөлу
- Үй тапсырмасын тексеру (жазбаша)
- Мақсатқа жету. Ой толғау
- Сөз жұмбақ
- Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
- Дәріс барысында тақтамен жұмыс жасау
- Сабақты бекіту
- Үй тапсырмасы
Сабақ барысы
I. Үш тілде амандасу: Сәлематсіз бе, Здравствуйте, Good morning.
Ұйымдастыру кезеңі. Бірыңғай талапқа сай сырт пішіндеріне назар аудару,кім жоқтығын тексеру.
II. Сабаққа психологиялық ахуал тудыру: «Нұрға бөлену» (ақырын музыка әуені қосылып тұрады)
Бүгінгі сабақ бізде екі кезеңнен тұрады
1 кезеңде біз сендермен үй жұмысына шолу жасаймыз
2 кезеңде дәріспен жұмыс жасаймыз.
- Енді бәріміз үстел астынан қараймыз не көрдіңдер? Түстермен бөлінеміз,әркім өздерінің дәптерлері мен тек қана қаламдарын алып түстер бойынша орындарына отырамыз.Құрастырамыз,қандай пішін және сөз шықты.
1 топ сары Дұрыс әрекет
2 топ қызыл Ішкі тыныштық
3 топ көк Сүйіспеншілік
4 топ жасыл Ақиқат
-Жақсы енді бәрімізде алдарымызда жатқан конверттен бағалау парақшасын алып шығамыз және топ басшысын сайлаймыз.Бағалау парақшалары төрт кезеңнен тұрады,соның ішінде үй тапсырмасын 5 балдық жүйеде бағаланады,ал қалған бөлімдеріне мен плюс деп айтқан кезде ғана қойылады,ең соңында бағаларыңды қосып,төртке бөліп қорытынды бағаларыңды шығарасыңдар.
III Үй жұмысын тексеру.
Þ Сергіту кезеңдері (өткен тақырыптарға шолу)
-Мектепке дейінгі педагогика дегеніміз не?
-Тәрбиелеу дегеніміз не?
-Білім беру дегеніміз не?
-Оқыту дегеніміз не?
-Оқытудың негізгі формасы не ?
-Білім ненің нәтижесінен шығады
-Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі
-Мектепке дейінгі педагогика қандай ғылым салаларымен байланысты
-Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі деклорациясы қай жылы қабылданды?
- Педагогика тарихы зерттейді?
-Салыстыру педагогика зерттейді?
-Арнайы педагогика зерттейді?
-Бақылау әдісі дегеніміз не?
-Сауалнама әдісі дегеніміз не?
- Іс-қағаздарын зерттеу әдісі дегеніміз не?
-Педагогикалық эксперимент зерттеу әдісі дегеніміз не?
-Қалыптастырушы эксперимент дегеніміз не?
-Тұлға дегеніміз не?
-Физикалық жетілу дегеніміз не?
-Психикалық жетілу дегеніміз не?
-Әлеуметтік жетілу дегеніміз не?
-Әлеуметтік орта дегеніміз не?
-Дамыту орта дегеніміз не?
-Жас ерекшеліктері дегеніміз не?
Þ Педагогикалық диктант (тақтада сұрақтары өздері дәптерлеріне жазады, жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаптарымен тексеріп,балдарын қояды.)
1. «Балалар бақшасы» деген термннді енгізген кім?
2. Я.А.Коменский «Ана мектебі» еңбегі қашан шықты және қандай бөлімдер қарастырылды?
3. «Көз-көргісі келеді, құлақ-естігісі, аяқ-жүргісі, қол-ұстағасы. Ал жүрек сенгісі және сүйгісі келеді,ал ақыл ойлағысы келеді» деген кімнің айтқан сөзі.
4. Табиғи теорияның негізгі шарттарын ата және кімнің еңбегі?
5. «Мінез-құлыққа арналған жаңа институт» кім ашты және оған не кірді?
Мақсатқа жету: Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман. Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі сабақ тақырыбын ашу үшін сөз жұмбақты шешеміз: «Ой жұмбақ»
Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақырыбы : Мектепке дейінгі жас балаларды тәрбиелеуге арналған бағдарламалардың шығу тарихы.
Жоспар :
1. СССР-де бағдарламаларды жасау тарихы.
2. ҚР-да бағдарламаларды жасау тарихы.
IV. Студенттермен дәріс барысында жүргізілетін жұмыстар
─ тақтадан бағдарламалардың шығу тарихын жазу
V. Бекіту
Þ «Балабақша және ошақты жүргізу бойынша нұсқаулық» шығу кезеңдерін ата
Þ Қандай құжатта ең бірінші ата-аналармен жұмыс бөлімі шықты?
Þ Қандай құжатта жас ерекшеліктері бойынша мазмұны шықты?
Þ Бірінші шыққан бағдарламаларда қандай кемшіліктер болды?
Þ Балбөбек бағдарламасы қашан және қандай принциптер бойынша құрылған?
Þ Қайнар бағдарламасының мақсаты неде?
Þ Қарлығаш бағдарламасының міндеттері неде?
Рефлексия: Алты ойлау шляпасы
• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
• Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды
VI. Үй тапсырмасы
Þ Дәріс мазмұнын білу
Þ бір-біріне жуан,жіңішке сұрақтар дайындау тақырыптар бойынша.
VII. Әдебиет/ Литература/ Literature:
1. Дошкольная педагогика под ред. Ядешко В.И. и Ф.А.Сохиной М., П.. 1986 г.
2. Дошкольная педагогика под ред.В.И.Логиновой и П.Г.Саморуковой. М., П., 1988
3. Л.Р. Болотина, С.П.Баранов, Т.С. Комарова Дошкольная педагогика М., 2005
4. Шабаева М.История педагогики, 1981
Дәріс - 2 сағат
Тақырыбы : Мектепке дейінгі жас балаларды тәрбиелеуге арналған бағдарламалардың шығу тарихы.
Жоспар :
1. СССР-де бағдарламаларды жасау тарихы.
2. ҚР-да бағдарламаларды жасау тарихы.
1.
1919 ж. «Балабақша және ошақты жүргізу бойынша нұсқаулық ".
Бұл құжатта балалардың белсенділігін ұйымдастыру жағдайды қамтамасыз ететін мәселелері маңызды орынға ие болған.
Оқу іс-әрекеті мен ойын,ойыншықтардан басқа әр түрлі матералдар ұсынылды: құм, саз балшық, қалдықтар, әртүрлі құрылыс материалдары, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, қуыршақ дайындау үшін материалдар, доп, себеттер; ағашпен жұмыс үшін шеге құрал-саймандар жиынтығы,сонымен қатар балалабақшаларда аквариум,террариум, табиғат бұрыштарында тірі жануарлармен өсімдіктерді пайдалану ұсынылды.
Нұсқаулықта түрлі сабақтар жүргізуді:сурет салу,мүсіндеу,алуан түрлі қол еңбегі,кубиктерден құрылыс жасауға,құмдардан кірпіш жасауға,ән айту, ритмикалық қозғалыстар жасау, ән тыңдау, балалармен жеке және ұжымдық әңгіме жүргізу, өсімдіктермен жануарларға күтім жасау, еркін және ұйымдастырылған ойын түрлерін жүргізу туралы айтылған.
Балалардың тілдерін дамыту барысында ертегілерді оқып әңгімелеп айтып беруге, балаларға түсінікті және пайдалы кітаптар оқуға,және табиғатты бақылап оған деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге арналған.
Нұсқаулықтың ішінде мысал ретінде кестелер және жабдықтарға нұсқау, жиһаздардың размері,сонымен қатар балалар ойыншықтарының тізбесі, балаларға және тәрбиешілерге арналған керекті әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Алайда, нұсқауда оң нәтижемен бірге балаларға еркін тәрбие міндеттері көрсетілген ол сол кездегі коммунистік тәрбиенің міндеттеріне сай келмеді,сонымен қатар нұсқаулықта сабақтарды жүргізуде тек балалардың өз таңдауы бойынша жүргізілу керек,деп көрссетілген ,сол себепті 1919 жылы «Балабақша және ошақты жүргізу бойынша нұсқаулық "мектепке дейінгі тәрбие бойынша I съезд болды,онда тәрбиешілердің балалар ерекшеліктерін білуге және күнделікті жазба күнделігігін жүргізілу ұсынылды,ол барлық балабақшаларда қолданылды бұл күнделікті толтыру жіберілген қателерді келесіде болдырмауға,дұрыс жол іздеуге пайдасын тигізді.
1932 ж. Мектепке дейінгі мекемелердегі бірінші жұмыс бағдарламасының жобасы
Бұл бағдарлама балалар мекемелерінің жұмысын жақсартты және мазмұнды бірізділікті етті.
Жоба екі бөлімнен тұрды:
I бөлім. – балалардың қызмет түрлері бойынша:
1) Қоғамдық-саяси тәрбие.
2) Еңбек тәрбиесі.
3) Дене тәрбиесі.
4) Музыкалық-қимыл тәрбиесі.
5) Бейнелеу іс-әрекеті.
6) Математика.
7) Сауат ашу.
II бөлім. –"ұйымдастырушы сәті" - әдісін негізін жоспарлаудан тұрды.
Әрбір жас тобы үшін 1 бөлімнен 16 ұйымдастырушы сәттерін қарастырған,мысалы:
─ Әр түрлі мерекелік шараларға қатысу
─ Кітап бұрыштарын ұйымдастыру.
Кемшіліктері: Балалардың жас ерекшеліктері ескерілмеді,балаларды танымдық құралдармен, әсіресе қоғамдық-саяси бөліміне ғана назар аударылып,баларадың ойынға ,тілінің дамуына көп көңіл бөлінбеді.
Тәрбиешінің күнделікті балалармен ұйымдастыру бөлімінде балалардың жан-жақты дамуына көңіл бөлінбеді,балаларға білім тек практикалық іс-әрекет түрінде берілді.
1934ж. Тәрбиелеу бағдарламасы шықты
Олар келесі бөлімді құрды:
1) Қоғамдық тәрбие
2) Дене тәрбиесі
3) Ойын (балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындардың мазмұны бойынша әдістемелік нұсқаулар)
4) Кітаппен жұмыс
5) Сурет салу, мүсіндеу және еңбек сабақтары
6) Тіл дамыту
7) Табиғат туралы білім негіздері
8) Алғашқы математикалық түсініктерді қалыптастыру
9) Оқуға және жазуға үйрету ,сауат ашу
Бірақ бұл бағдарламаның кем тұстары болды,олар:танымдық материал күрделі,балалардың жас ерекшеліктері ескерілмеген,педагогикалық процесті ұйымдастыруда тәрбиешінің жетекші ролі толық айқындалмаған.
Кеңес одағының Коммунистік партиясы орталық комитетінің «Халық ағарту комиссараты жүйесіндегі педагогикалық бұрмаушылық туралы» 1936 жылғы 4 маусымдағы қаулысына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие бойынша жаңа бағдарламалық құжат жасау қажет болды.Сол себепті:
1938 ж . «Балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық»
«Балабақша тәрбиешіліріне арналған нұсқаулық» (1945 ж.) және «Балабақша жарғысы» Мемлекеттік құжаттарында міндеттері, мазмұны, әдістері, тәрбие-білім беру жұмыстарын нақты айқындалған.Бұл құжаттар 1938 жылғы «Балабақша тәрбиешіліріне арналған нұсқаулық» негізге алып құрастырылған.Ол құжаттардаоқу-тәрбие жұмысының мазмұны неғұрлым нақты және белгілі болды.
Материал "Басшылығының қоса енгізу және 7-тарауларынан тұрды" (1938)
1) Дене тәрбиесі
2) Ойын
3) Тіл дамыту
4) Сурет салу
5) Мүсіндеу және басқа материалдармен сабақ
6) Музыкалық тәрбие беру
7) Табиғатпен таныстыру және бастапқы математикалық ұғымдардын дамыту
Кемшіліктері Балалармен жас ерекшеліктері бойынша жұмыс жасау мазмұны ескерілмеді,тек жекеленген тәрбие бойынша көрсетілді.
Бұл әр жас балалармен бағдарламалық материалды іріктеуді қиындатты және ата-аналармен жұмыс жасау көрсетілмеді..
«Балабақша тәрбиешіліріне арналған нұсқаулық» (1945ж) қайта өңделді онда
Тәрбиешінің ролін және әр балаға жауаптылығы көрсетілген. Тәрбиешіден балалардың жеке ерекшеліктері мен жалпы даму заңдылықтарын, балалар мен талаптар бағдарламаның әрбір бөліміндегі талаптарды орындай білу керектін талап етті.
Бұнда көбінесе балалардың дене тәрбиесіне назар аударылды, шынықтыруға, қимыл-қозғалыстарының дамуына (жүгіру, секіру, өрмелеу),дене сымбатының дамуына көңіл аударылды.
Ал тіл дамыту бөлімінде балалардың дұрыс сөйлеулеріне,дыбыстарды дұрыс айтуларына,сөйлемді байланыстырып сөйлеуіне назар аударылды.
Сонымен қатар осы құжатта жаңа бөлім «Айналамен таныстыру» енгізілді,онда қоғамдық өмір,адамдар өмірі, туралы балаларға білім берілді.Бұл бөлімнің міндеті балаларға айналадағы өмір туралы түсінік берумен қатар қоршаған орта туралы жақсы пікір қалдыру болатын.
«Балабақшаның ата-аналармен жұмыс» бөлімі енгізілді,онда атан-аналармен жұмыс жасау мазмұны,атан-аналарға арналған баяндамалардың тақырыптары берілген.
Балалармен музыка бойынша тәрбиелеу жоспары енгізілген (әнді тыңдау,өлең айту,музыкамен қимылдар жасау т,б)
Сонымен қатар айтып кететін жағдай балалармен міндетті түрде өткізілетін сабақтарда жоғары деңгейде дайындалмаған болды мысалы тәрбиеші балалрмен сурет сабағында балаларға үй салуды тапсырған кезде қандай үй салу және қалай салу керек екенін айтып түсіндірмейді..Бұндай ұйымдастыру балалардың мектепке дайындығының нашарлығын көрсетті.
1953 ж. «Балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық» қайта өңделді.
Тәрбиелеудің мазмұны мен әдістері, мәдени-гигиеналық дағдыларды; берілген, таңертеңгілік гимнастика жаттығулар және қимылды ойындар тізбесі; ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінді.
Балаларды сабаққа ұйымдастырылған түрде жүргізілу керек деп ұсыныс айтылған.
Бағдарлама мазмұнындағы материалдар әр жас топтарына шақталған,бірізділік принципі сақталған,адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі қолданылу ұсынылған.
Бұрынғы нұсқауларға қарағанда ойынға көп көңіл бөлінген. Тәрбиешіге қойылатын талап нақтыланған.
1962 ж. Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасы (ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мемлекеттік құжат ретінде қолдануға ұсынылған.
Әдістемелік нұсқаулардан бағдарламалық талаптар бөлінген.Еңбекке тәрбиелеуге көп көңіл бөлінген және біртіндеп еңбек тапсырмаларын қиындату жайында көрсетілген.
.Мектепалды даярлық топтары бөлінген,әр түрлі жас топтарының сабақтастығы жөнінде жұмыстары көрсетілген.
1969 ж. Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасы жетілдірілген..
Соңғы жылдары бағдарламаға бірнеше түзетулер енгізілді.
1984 ж. «Балабақшада тәрбиелеу және оқыту» типтік бағдарламасы ( реформаға байланысты).Бағдарлама баланың жасына сәйкес педагогикалық процестің тұтастығы,үздіксіздігі,тәрбие мен оқыту мазмұнының ғылымилығы,олардың бірлігі,жүйелілігі,сабақтастығы ескеріліп әзірленген.Екінші сәбилер тобынан бастап,бағдарламаға қазақ халқының ертегілері,халық ауыз әдебиеті (жұмбақтар,мақал-мәтелдер) қазақ жаушыларының шығармалары енгізілді.
Бағдарлама келесі принциптер бойынша құрылған:
1) Бағдарламаның ғылымилығы,тәрбие міндеттеріне сәйкестігі,балалардың жас мен жеке
ерекшеліктері ескеру.
2) Тәрбие мен оқыту бірлігі
3) Балалардың нәрестелік кезеңінен мектепке түскенге дейін тәрбиелеу және оқыту
педагогикалық процестің тұтастығы және үздіксіздігі.
4) Тәрбиелік-білім беру бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
материалдардың күрделенуі,бөлімдердің бір-бірімен байланыстылығы,оларды жүзеге
асыру барысындажүйелілік және бірізділіктің сақталуы.
5) Жас ерекшелік принципі жалпы және әр түрлі түрлері жеке міндеттерді. жүзеге асыру
бойынша орналасқан
6) Балалардың жан-жақты дамуы үшін әр түрлі жеке ұмыстарды жүргізу.
2.
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуына және балабақшалар желісін кеңейтуге өздерінің сүбелі үлесін қосқан,құнды әдістемелік оқу құралдарыды әзірленген кім?
*Н.Құлжанова: «Балабақшадағы тәрбие», «Ана мен бала»
Б.Баймұратова «Біздің кітап», «Мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланың тілін дамыту әдістемесі» , «Баланы мектепке қалай даярлауға болады?»
1991-1993 жж.Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институты мектепке дейінгі білім беру зертханасында «Балбөбек» бағдарламасы әзірленіп,бірнеше жыл бойы экперимент алаңында сынақтан өткізілді.Нәтижесінде мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің дәстүрлі әдістемелік жүйесі қалыптасады.
1996 ж Қазақстанда алғаш рет жарияланған алғашқы ұлттық "Балбөбек"бағдарламасы шықты. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы Республикалық баспада басылып шыққан.Ол бағдарламаның басылып шығуына Г.А.Саймасаева ,Ж.Г.Нурмагамбетова және Алматы қаласындағы балабақша қызметкерлерінің еңбектері бар. "Балбөбек" бағдарламасы мемлекеттік құжат болып табылады, ҚР білім және ғылым Министрлігі ұсынған мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиелік-білім беру оның тыныс-тіршілігін айқындайтын нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.
Бағдарлама құру принциптері:
1.Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыруы
2.Үздіксіз тәрбиелеу және оның сабақтастығы
3.Тәрбиелей отырып оқыту принципі
4.Алғашқы ғылыми негіздерінің дәйектілігі топтан топқа көшуде күрделенуімен негізделеді
5.Балалардың жас ерекшеліктерін сай оқу құралдарының сйкес келуі
6.Дамыта оқыту идеяларына басшылық ету
7.Балалардың логикалық ойлауын дамыту
8.Оқыту мен тәрбиелеудің кешенді және жүйелі тәсілін жетілдіру
9.Тәрбие идеяларының негізінде халық педагогикасы және психологияның мазмұнын жаңарту
Бағдарламада шолу-теориялық,эксперименттік жұмыстар арқылы бағдарламада мынадай жаңалықтар енгізілді:
2-7 жасқа дейінгі тәрбиелік жұмыс жүргізіледі.Тіл-халық қазынасы,Ойнай жүріп-ойлан,музыкалық-ритмикалық қозғалыс,халық-өнер жүрегі. Тіл-халық қазынасы-дүйсенбі күні өткізілген кезде тіл дамытуға,сурет салуға,бағытталады.Бағдарламада ойын түрінде халықтық дәстүрлерді сақтауға негізделеді.
1. адамгершілік-қымбат мұра (1 кіші топтан)
2. Жер байлығы-ер байлығы (ортаңғы топтан)
3. Еңбек етсең емерсің (1 кіші топтан)
4. ата-бабалардың өмірі, ұрпаққа үлгі (ересек және даярлық топтарында)
5. Мен әлемді танимын (1 кіші топтан)
Мұндай құрылымның мақсаты: оқу материалдарын жеткілікті түсіне білу,балаларда керекті мазмұнды тәрбиені бірлігін қамтамасыз ету және қол жетімділік тұтас тәрбие жүйесін қалыптастыру,балалардың қажетті іскерліктер және дағдыларын дамыту.Бағдарлама әр тақырыптарға бөлінген: «Отбасы», «Балабақша», «Ойыншықтар» , «Жыл мезгілдері», «Қазақстан-менің Отаным» (1 кіші топтан басқа), «Жануарлар әлемі» осы бөлімдр арқылы балаларды табиғатты сүюге,өз Отанын,отбасын қрметтеуге,балабақшысын және ойыншықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға болады.
2006 жылы «Балбөбек» бағдарламасы өңделіп,толықтырылған нұсқасы қайта басылды.Бағдарламада көзделген басты мәселе-балабақшада тәрбие мен білім беруді кіріктіре жүргізу,апталық жүктемені азайту,балаларды еңбекке баулу,ізгілікке мейірімділікке тәрбиелеу болды.
2007 жылы мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту және тәрбиелеу білім беру үшін , "Қайнар"кешенді бағдарламасы әзірленді. Ол бағдарламада мектепке дейінгі жастағы балаларды 12 жылдыққа көшуге даярлау үшін жасалынған. "Қайнар" бағдарламасында "Радуга ", ресей бағдарламасы негізге алынып сондай-ақ ұлттық белгіленген аймақтық компонент, балаларды тәрбиелеу және білім беру, жалпы даму міндеттері іске асырылды. Бағдарламада ресей мен қазақ психологиялық және педагогикалық мектептердің шығармашылық сипаты көрініс тауып отыр.
«Қайнар» кешенді білім бағдарламасы болып табылады:
Бағдарламаның мақсаты:мектепке дейінгі балалардың әр жас ерекшеліктерін ескере отырып толық ашылуына мүмкіндік жасау.Бағдарламада балаларды Қазақстан елінің мәдениетіне ,дәстүріне ,тіліне,халықтық шығармашылығына, ұлттық ойындарға, әндеріне, билерне және халықтық ұлт сәндігіне көп көңіл бөлінеді.
Бағдарлама идеясы;
өзара байланысты үш негізгі желілерін дамыту, баланың сезімін, танымын,шығармашылық тұтастығын қамтамасыз ету және бірыңғай бағыт ұстау
«Қайнар» бағдарламасының негізгі тұтастығы ол балалардың денсаулығын нығайту,балалардың және ересектердің валеологиялық түсініктерін,салауатты өмір салтының негізін түсіне білу.
«Қайнар» бағдарламасында негізгі бағыттары дамытушы ортаны дұрыс құра білу,балалардың гендерлік айырмашылығына,және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.Сонымен қатар бағдарлама педагогтардан да балалардың шығармашылық дамуына,әр түрлі идеяларды орындай білуге,жағдаяттарды шешуге балалардың өмірін қызықты және жан-жақты дамуына ойындарды қолдануды талап етеді.Бағдарламада 44 керекті құралдар бар,ол құралдар әр бөлімге және дамуына мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруға бағытталған,онда балаларды өнерге, суретшілермен, балалар композиторларымен, жазушыларымен, ақындарымен таныстыруға көңіл бөлінген. Бағдарламада тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал, онда сабақтардың жоспары, сонымен қатар 3 жұмыс дәптері және дамытушы кітап кіреді.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің тапсырысы бойынша «4-5 жастағы балалардың дамуына арналған бағдарлама» жасалды. Ол 2007 жылы баланың дамуының негізгі бағыттарын қамтитын кешенді "Қарлығаш" бағдарламасы әзірленді. *бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін(шағын - орталықтар) вариативті жаңа моделді нысандарына әзірленген.
* кешенді бағдарламалардың алғашқысы, мазмұны біріктірілген сабақтардың жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
«4-5 жастағы балалардың дамуына арналған бағдарлама» балалардың дамуына негізделген:
Мазмұнында келесі факторлар есепке алынған:
* жарты күн келумен мектепке дейінгі шағын орталықтарды жасақтау
*әр түрлі жас балаларды бір топқа жасақтау (топтастыру)
Бағдарлама мақсаты:
балалардың әр жас ерекшеліктерін ескере отырып,біріккен сабақтар арқылы балалардың негізгі базистік білімдерін дамыту.
Негізгі міндеттері:
*балалардың денсаулығын және бала өмірін сақтауға жағымды орта құрау:
*балалардың физикалық және психологиялық дамуына және балалардың жеке эмоционалдық дамуына жағдай жасау;
* білім беру процесін ұйымдастыру және тұтастығын қамтамасыз ету
*заттық-дамытушы ортаны құрау,үлкендер еңбектерімен таныстыруға жағдай жасау
*халық дәстүрімен таныстыру және басқа ұлт дәстүрлерімен таныстыруға мүмкіндік жасау:
*туған еліне,отанға,табиғатқа сүйіспеншікке тәрбиелеу.
-ата-аналармен қарым-қатынас орнату балаларға ортақ білім беруді ұйымдастыру.
«4-5 жастағы балалардың дамуына арналған бағдарлама» балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды:
*физикалық
* танымдық-сөйлеу
*әлеуметтік-тұлғалық
*көркемдік-эстетикалық
Әр бағдарлама балалардың негізгі құзыреттілігін дамыту үшін жасалған.
«4-5 жастағы балалардың дамуына арналған бағдарламасанда оқу-әдістемелік кешені бар:
-педагогтарға арналған әдістемелік қрал
-хрестоматия
-дәптер-әліппесі
-дидактикалық құрал
-ата-аналарға арналған құрал
Аты-жөні | Миға шабуыл | Үй тапсырмасы | Дәріс барысындағы сұрақтар | Практикалық бағдарлау сұрақтары | Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аты-жөні | Миға шабуыл | Үй тапсырмасы | Дәріс барысындағы сұрақтар | Практикалық бағдарлау сұрақтары | Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аты-жөні | Миға шабуыл | Үй тапсырмасы | Дәріс барысындағы сұрақтар | Практикалық бағдарлау сұрақтары | Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-Мектепке дейінгі педагогика дегеніміз не?( баланы туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым.)
-Тәрбиелеу дегеніміз не?( алға белгілі бір мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі әсер ету, бойына адагершілік қасиеттерін сіңіру, өмірге, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру)
-Білім беру дегеніміз не? (жас ұрпаққа жүйелі білім негіздері, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдеп дағдыларын қалыптастыру.)
-Оқыту дегеніміз не?( белгілі жоспар мен бағдарлама бойынша жүйелі түрде балаларға қарапайым білім беру, икемділігі мен жағымды әдет- дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту)
-Оқытудың негізгі формасы не ? (сабақ)
-Білім ненің нәтижесінен шығады ( оқытудың нәтижесі)
-Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі (тез дамиды, еліктегіш, әлсіз, нәзік, қимыл
қозғалысы белсенеді, ортаға бейім, сөйлеуді меңгереді, ойлауды меңгереді, әсірленгіш)- ---Мектепке дейінгі педагогика қандай ғылым салаларымен байланысты (мектепке дейінгі педагогика тарихымен, физиология,биология, психология,деффектология, медицина,гигиена,педиатрия)
-Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі деклорациясы қай жылы қабылданды?(1917 жылы желтоқсанда Халық Комиссарлар кеңесінің)
-Педагогика тарихы зерттейді? (әртүрлі тарих кезендерде педагогикалық ғылымының дамуын зерттейді.)
-Салыстыру педагогика зерттейді? (педагогиканың әлемдік маңызын ашады, әртүрлі мемлекеттердің педагогикасын салыстырады.)
-Арнайы педагогика зерттейді?(есту, сөйлеу, көру және ойлауы кем балалардың оқыту мен тәрбиелеу ерекшіліктерін зерттейді.)
-Бақылау әдісі дегеніміз не? (белгілі бір педагогикалық құбылыстың өзгеруін ,дамуын басқа құбылыстармен байланысын әдейі бақылап отыру үшін қолданылады.)
-Сауалнама әдісі дегеніміз не? (зерттеуші тақырыбына сай керекті жайттерді анықтап алу үшін немесе жүргізілетін жұмыстарының қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екендігін анықтау үшін оның әсері мен ықпалын анықтау үшін сауалнама толтырады)
- Іс-қағаздарын зерттеу әдісі дегеніміз не? (балабақшаның жоспарын,есептерін педагогтар мен тәрбиешілердің өз жоспарларымен есептерін бақылау күнделіктерін балабақшада салған балалардың суреттерін,жұмыстарын,ойыншықтарын, әңгімелерін тәрбие жұмысында қолданған әдістерді зерттеу жатады)
-Педагогикалық эксперимент зерттеу әдісі дегеніміз не? (тәрбие тәсілін өзгерту үшін арнайы ұйымдастырылған жағдайда бақылау жүргізуге мүмкіндік береді)
-Қалыптастырушы эксперимент дегеніміз не?(анықтап,бақылап алғаннан кейін зерттеу нәтижесін айқын көрсет үшін байқаған эксперимент жұмысы сызба,кесте,диаграмма түрінде жазылады)
-Тұлға дегеніміз не? (жеке адамның өзіндік адамгершілік,әлеуметтік,психологиялық қырларын ашып,адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым)
-Физикалық жетілу дегеніміз не? (бұл бойының,салмағының,бұлшық еттерінің жетілуі және сезім органдырының үйлесуі қозғалыстарының дамуы)
-Психикалық жетілу дегеніміз не? (түйсіну,қабылдау,елестету,ойлау ,сезім,ерік сезімдерінің дамуы)
-Әлеуметтік жетілу дегеніміз не? ( жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі әсер ету процесі)
-Әлеуметтік орта дегеніміз не? (жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері)
-Дамыту орта дегеніміз не? (балалар мен үлкендердің өмірінің ұйымдастыруын қамтамассыз ететін материалды-техникалық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психолого- педагогикалық жағдайлардың кешені)
-Жас ерекшеліктері дегеніміз не? ( белгілі бір кезеңдегі өміріне тән анатомиялық-физиологиялық, психикалық және рухани сапасын атайды)
1.«Балалар бақшасы» деген термннді енгізген кім? (Фребель)
2.«Ана мектебі» еңбегі қашан шықты және қандай бөлімдер қарастырылды?
(1633 жылы шықты,балалардың нақты түсініктерді жинақтауына және мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті карапайым білімдердін игеру туралы жазылды)
3.«Көз-көргісі келеді, құлақ-естігісі, аяқ-жүргісі, қол-ұстағасы. Ал жүрек сенгісі және сүйгісі келеді,ал ақыл ойлағысы келеді» деген кімнің айтқан сөзі.Иоганн Генрих Пестолоций
4.Табиғи теорияның негізгі шарттарын ата және кімнің еңбегі?
1.тәрбиенің тәрбиеленушіге сүйіспеншілігі, оның шығармашылық белсенділігін және еркіндікке және өз бетімен әрекетке ұмтылуды мадақтау;
2. тәрбиенің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болу мүмкіндігі.) Жан-Жак Руссоның еңбегі
5.«Мінез-құлыққа арналған жаңа институт» кім ашты және оған не кірді? (бұл институтка 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін ясли 3-тен 5 жасқа дейінгі «кішкентай балалар үшін мектеп», 5-тен 10 жасқа дейінгі балалар үшін бастауыш мектеп кірді)
«Кайнар» (в переводе с казахского языка – источник, сила) является адаптированным и переработанным результатом российских программ «Радуга» и «Из детства – в отрочество».
Программа «Кайнар» является комплексной образовательной программой.
Цель данной программы: создание каждому дошкольнику условий для наиболее полного раскрытия его возрастных возможностей и способностей.
Большое внимание в программе уделяется приобщению детей к истокам народной культуры Казахстана: языку, устному народному творчеству, национальным играм, музыке, танцам, декоративно-прикладному искусству Казахстана.
Основными составляющими компонентами программы являются: игра, общение, деятельность (предметная, изобразительная, художественно-театральная, экспериментирование, трудовая).
Программа «Кайнар» со всеми необходимыми компонентами методического обеспечения на казахском и русском языках, включает 44 наименования пособий, по всем разделам и направлениям работы с детьми в условиях детского сада.
В состав каждого УМК входят: методические рекомендации для воспитателей, включающие разработанные конспекты занятий, а также по три рабочих тетради или развивающие книги.
Одной из новых форм дошкольного образования в Республике Казахстан является организация дошкольных мини-центров.
Основными задачами дошкольных мини-центров являются:
1) обеспечение ранней социализации детей;
2) умственное, нравственное, физическое, эстетическое, эмоциональное,
познавательное развитие детей с учетом индивидуальных особенностей и
возможностей каждого ребенка;
3) предупреждение педагогической запущенности детей;
4) сохранение здоровья детей;
5) организация присмотра, ухода за детьми;
6) своевременная коррекция отклонений в развитии детей;
7) психолого-педагогическое просвещение родителей.
Дошкольные мини-центры могут быть государственными или частными.
По поручению Министерства образования и науки РК подготовлена «Программа развития детей 4-5- летнего возраста» для мини-центра.
Программа носит название «Қарлығаш» и это не случайно, так как она является:
· одной из первых программ для новой модели вариативной формы дошкольного воспитания и образования;
· одной из первых комплексных программ, где содержание ее реализуется через систему интегрированных занятий.
«Программа развития детей 4-5 летнего возраста» является комплексной и охватывает основные направления развития ребенка.
При отборе содержания учитывались также следующие факторы:
Ø возможность комплектования ДМЦ группами с неполным днем пребывания;
Ø возможность комплектования групп по разновозрастному принципу.
Цель программы:
формирование и развитие базисных основ личности ребенка с учетом индивидуальных особенностей через систему интегрированных занятий и интеграцию различных видов деятельности.
«Программа развития детей 4-5 летнего возраста» охватывает основные направления развития ребенка (5 образовательных областей)
· физическое
· познавательно-речевое
· социально-личностное
· художественно-эстетическое.
Цели и задачи каждой программной области направлены на формирование у детей ключевых компетенций.
Вывод:
Согласно рекомендациям по экспертизе программ ДО:
─ Программы должны быть нацелены на развитие любознательности как основы познавательной активности у дошкольника; развитие способностей ребенка; формирование творческого воображения; развитие коммуникативности.
─ Программы должны обеспечивать охрану и укрепление физического и психического здоровья детей, их физические развитие; эмоциональное благополучие каждого ребенка; интеллектуальное развитие ребенка; создание условий для развития личности ребенка, его творческих способностей; приобщение детей к общечеловеческим ценностям; взаимодействие с семьей для обеспечения полноценного развития ребенка.
─ Программы должны предусматривать организацию детской жизни в трех формах: специально организованная форма обучения; нерегламентированные виды деятельности; свободное время, предусмотренное для ребенка в детском саду в течение дня.
─ Программы должны строиться с учетом специфических для детей дошкольного возраста видов деятельности (игра, конструирование, изобразительная, музыкальная, театрализованная деятельности и т.д.);
─ Программы должны предусматривать возможность реализации индивидуального и дифференцированного подходов в работе с детьми.
Современные программы классифицируются на вариативные и альтернативные; комплексные и парциальные программы.
Основные программы. Содержание основной программы отвечает требованиям комплексности, т.е. включает все основные направления развития личности ребенка: физическое, познавательно-речевое, социально-личностное, художественно-эстетическое, и содействует формированию разносторонних способностей ребенка (умственных, коммуникативных, регуляторных, двигательных, творческих), становлению специфических видов детской деятельности (предметной, игровой, театрализованной, изобразительной, музыкальной, конструирования и др.).
К дополнительным относятся образовательные программы различной направленности: художественно-эстетического цикла, этнокультурные, культурологические, интеллектуально-развивающие, коммуникативно-речевые, экологические, физкультурно-оздоровительные, различной коррекционной направленности и др. В отдельных случаях в качестве дополнительных могут использоваться парциальные программы дошкольного образования.