Технологиялық карта оқу қызметіне арналған 2-ші кіші топ
Данная технологическая карта предназначена для 2-й младшей группы детского сада. Основная тема занятия — «Деніміз сау болып өсеміз», что в переводе на русский язык означает «Мы растем здоровыми». Эта образовательная деятельность направлена на знакомство детей с названиями частей тела и развитие их словарного запаса. В процессе занятия воспитатель направляет детей к осознанию важности здоровья, растущего тела и элементарных правил его сохранения.
Карта включает несколько этапов деятельности, начиная от мотивации и заканчивая рефлексией. В процессе мотивации воспитатель создает увлекательную атмосферу: дети встречают куколули, которые не знают свои части тела. Это процесс не только развивает детей, но и делает занятие в игровой форме. Визуальные материалы, такие как изображения частей тела, помогут детям запомнить и осознать, что каждая часть тела имеет свою функцию и значение.
Кроме того, урок включает многоязычные элементы, которые помогают развить языковую компетенцию детей. Например, дети учатся определять части тела не только на родном языке, но и на русском и английском. Такие методы уменьшают языковой барьер и обогащают детский опыт. Что важно, в ходе занятия специалисты акцентируют внимание на сохранении здоровья и важности физических упражнений.
Играющие элементы и разнообразные упражнения создают позитивную атмосферу и способствуют активному вовлечению детей в учебный процесс. Такие занятия не только развивают, но и воспитывают уважение к своему телу и осознанное отношение к своему здоровью. В завершение урока воспитатель подводит итоги, обсуждая, чему научились дети и как они могут применить свои знания в повседневной жизни, тем самым закрепляя полученные навыки.
2- ші кіші топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Технологическая карта 2 мл. группы
Technological card of educational activity for 2 junior group
Өтпелі тақырып: «Деніміз сау болып өсеміз»
Апта тақырыбы: «Барлығы мен жайлы»
Тәрбиеші: Воспитатель: Teacher:
Күні : Дата: Data:
Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: Коммуникация. Communication. Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Тема: Theme: «Қуыршақ Әйгерім мен Динара балаларда қонақта»
Мақсаты: Цель: Aim:
Білімділік : Образовательные цели: Educational: Балаларды дене мүшелерінің атауларымен таныстыру; сөздік қорларына дене мүшелерінің атауларын қосу.
Дамытушылық: Развивающие: Developmental: көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Баланың тілін дамыту.
Тәрбиелік:Воспитательные:Brining-up: өз денсаулығын сақтауға, бой-бастарын таза ұстауға тәрбиелеу.
Жабдықталуы : Оснащение: Resources: екі қуыршақ, адамның дене мүшелері бейнеленген суреттер
Сөздік жұмыс : Словарная работа:Vocabulary work : көз көру үшін, құлақ есту үшін.
Көптілділік: Полиязычие: Multilingualism: Бас – голова - head, көз – глаз -eye , мұрын – нос -nose , ауыз – рот - mouth, шаш – волосы – hair.
Қызметтер кезеңдері Этапы деятельности Stages of activity | Мұғалімнің қызметі Действия педагога Teacher’s activities | Балалардың іс- әрекеті Деятельность детей Children’s activity |
Мотивациялық – қозғаушылық Мотивационно – побудительный Motivational and incentive stage | Ғажайып сәт: -Балалар,біреу есікті қағып тұрған сияқты. -Балалар,бізге қонаққа қуыршақ Әйгерім мен Динара келіп отыр. -Кәне балалар қуыршақтармен амандасайық. Балалар қуыршақтар бізден көмек сұрай келіпті. Олар өздерінің дене мүшелерін білмейді екен. Ал сендер өз дене мүшелеріңді білесіңдер ме? Ендеше біз қуыршақтарға өз дене мүшелерін ажыратуға көмектесейік. |
-таңдана қарайды.
-қуыршақтармен амандасады.
-ия
-көмектесуге келіседі. |
Ізденушілік – ұйымдастырушылық Организационно – поисковый Organizational and exploratory stage | Адамда қандай дене мүшелері болады?
Суретпен жұмыс: Адамның дене мүшелерін көрсетіп, оларды атау.
Көптілділік.
Д/о: «Дұрыс көрсет?» ойыны.
Дыбыстық жаттығу: 1.Лақ-лақ-лақ – Мынау құлақ. 2.Рын-рын-рын – Мынау мұрын.
Балалар, ал сендер дене мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын білесіңдер ме? -Көз не үшін керек? -Құлақ не үшін керек? Сергіту сәті: «Қане, қане қолың ?»
Біздің денеміз әдемі де, әсем болып өсу үшін не істеу керек? Дұрыс айтасыңдар, балалар деніміз сау болу үшін жаттығу жасау керек, дұрыс тамақтану керек, үнемі таза жүру керек.
Ойын: «Былай істе» Мақсаты: дене мүшелерін көрсетуге және қимылын жасауға үйрету. Немен иіскеуге болатынын көрсет. Гүлді(иіссуды...) иіске. Немен тыңдауға болатынын көрсет. Сағаттың тықылын (судың сылдырын, қағаздың сыбдырын...) тыңда. Немен алуға болатынын көрсет. Гүлді (орамалды, кітапты...) ал. Допты немен ұруға болатынын көрсет. Немен тістеуге болатынын көрсет. Үстелге (терезеге, қуыршаққа...) қара. Балалар қуыршақ Әйгерім мен Динара сендерге алғыстарын білдіріп жатыр. | -бас, көз, аяқ, қол, мұрын, құлақ, арқа, ауыз т.б өздері білетін дене мүшелерін атайды.
Балалар суреттерді көріп, жаңа сөздермен танысады, оларды қайталайды. Бас – голова - head, көз – глаз -eye , мұрын – нос -nose , ауыз – рот - mouth, шаш – волосы – hair.
Тәрбиеші дене мүшелердің атауын атайды, балалар өз дене мүшелерін тауып көрсетеді.
Балалар дыбыстық жаттығуды қайталауға тырысады.
-ия
-Көз көру үшін. -Құлақ дыбыстарды есту үшін.
-Қане, қане қолың ? -Міне, міне –қолым. -Қане, қане басың? -Міне, міне- басым. -Қане, қане шашың? -Міне, міне- шашым. -Қане, қане алақан? -Міне, міне- алақан. -Қане, қане аяғың? -Міне, міне – аяғым. -балалар өз ойларын айтады.
Балалар мұқият тыңдайды, есінде сақтайды.
Балалар мұқият тыңдайды, қимылмен көрсетеді.
-мұрынмен
-құлақпен
-қолмен -көзбен
-көмек көрсеткендеріне риза болады. |
Рефлексивті – түзетушілік Рефлексивно – корригирующий Reflective and corrective stage | Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді? Біз оларға қалай көмектестік? Балалар бізге қажет емес дене мүшесі бар ма? Ендеше өз денсаулығымызды сақтап, бақытты өмір сүрейік. Балаларды мадақтау. | Қуыршақ Әйгерім мен Динара. -өз дене мүшелерін ажыратуға -жоқ
Мадақтағанға қуанады. |
Күтілетін нәтиже: Ожидаемый результат: The expected result:
Ұғынады: Воспроизводят: Reproduce: дене мүшелерін ажыратуды.
Түсінеді: Понимают: Understand: дене мүшелерінің маңызын, өз денсаулығын сақтауды.
Қолданады: Применяют: Apply: дене мүшелерінің атауларын күнделікті өмірде қолданады.