Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Масса мен сұйық сусымалы заттарды үйрету әдістері

Масса мен сұйық сусымалы заттарды үйрету әдістері

Берікбаева Асыл Айдарханқызы
Берікбаева Асыл Айдарханқызы
DOCX
181
2

Бұл материал балаларға масса және сұйық сусымалы заттардың негізгі түсініктерін қалыптастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты ұсынады. Бала бақшадағы дайындық топтарында масса туралы білім беру екі негізгі жолмен жүзеге асырылады: күнделікті өмірде ойындар арқылы түсініктер жинақтау және арнайы ұйымдастырылған сабақтарда заттың белгісі ретіндегі массаны нақты меңгеру. Әр түрлі заттармен тәжірибе жасай отырып, балалардың масса ұғымын тез меңгеруіне мүмкіндік беретін әдістер мен құралдар ұсынылды.

Әртүрлі материалдардан жасалған заттарды (металл, ағаш, резина, пластмасса және т.б.) таңдау, балаларға ауыр және жеңіл заттарды салыстыру арқылы түсінік қалыптастыру. Заттарды бір-бірімен салыстырып, диалог жүргізу арқылы олардың өзара айырмашылықтарын анықтау. Мұндай тапсырмалар балалардың зерттеу қабілеттерін арттырады және логикалық ойлау дағдыларын дамытады.

Тәжірибелік жұмыстар балаларға ауыр және жеңіл заттарды «өлшеу» тәсіліне үйретеді, мұнда әр зат екі қолмен «таразы» сияқты ұсталынады. Бұл процесс балаларға өздерінің физикалық сезімдері мен ортада болып жатқан заттардың салыстырмалы қасиеттері арасындағы байланысты негіздеуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындау барысында балалардың қателіктерін түзету және терминологияны дұрыс қолдану маңызды. Балалардың сөздік қорын байыту үшін оларға заттардың сипаттамаларын нақты баяндау ұсынылады.

Сонымен қатар, масса түсінігін кеңейте отырып, балаларды масса бойынша үш затты салыстыруға жаттықтыру қажет. Заттарды өлшеу барысында қолданылатын стандартты өлшеу құралдарына үйрету - білім беру үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, кір тастары мен сусымалы азық-түлік заттарын пайдалану арқылы, балалар массаны дұрыс түсініп, өлшегенде қандай өлшем бірліктерін қолданатынын білуі керек. Нәтижесінде, білімдерін күнделікті өмірде қолдану қабілеттері артады.

Материалдағы тәжірибелер балаларды сұйықтықтарды өлшеуге таныстырумен аяқталады. Литр өлшемімен таныстыру, сұйық заттарды мөлшерде өлшеу арқылы сыныптағы практикалық сабақтарды тиімді ұйымдастырудың дағдыларына негізделген. «Дүкен» ойыны іспеттес жаттығулармен балалардың білімдері бекітіліп, оларды әртүрлі заттарды өлшеу әдістерімен таныстыру – педагогикалық жұмыстың негізгі мақсатына жетуге мүмкіндік береді.

Предпросмотр

 
Масса ( ауыр – жеңіл ); сұйық сусымалы заттар
          Дайындық топта массаамен ( салмақпен ) танысу екі жолмен жүзеге асырылады: а) ойын кезіндегі және күнделікті өмірдегі масса туралы түсініктерін жинақтау; ә) заттың белгісі ретіндегі масса туралы түсініктерін арнайы ұйымдастырылған жұмыс барысында қалыптастыру.   
         Әртүрлі сусымалы заттармен толтырылған бірдей мөлшердегі қашықтықтарды   қолдануға болады.Әртүрлі материалдардан ( металл, ағаш, резина, пластмасса, поролон, мақта, т.б. ) жасалған заттар таңдап алынады. Балабақша жағдайында қажетті құралдарды ( резина, пластмасса ойыншықтар, түрлі қораптар, заттардың массасы 50 грамнан 300 грамға дейін болатындай құм құйылған кішкентай бөшкелер ) дайындау қиындық әкелмейді.
         Ауыр және жеңіл заттардың айырмашылығын жұптпстыру арқылы анықтау қарапайым есептердің бірі болып табылады. Сондықтан балаларды бір – бірінен массасы айтарлықтай ерекшелінетін екі затты салыстыруға үйрету керек. Салыстыру нәтижесін « ауыр – жеңіл » сөздерімен анықтайды. Тапсырманы орындау заттарды қолмен « өлшеу » арқылы жүзеге асырылады.
          Әр қолға бірзаттан алып, алақанды таразы табақшалары тәрізді ұстайды.Содан соң қолмен таразы сияқты жоғары – төмен қозғап, затты         « өлшеу » жұмысы жүргізіледі.Содан соң заттар бір алақаннан екінші алақанға ауыстырылып, бұл жағдай бірнеше рет қайталанады.Мұндай                     « тексеру » екі заттың арасындағы қатынасты дәл анықтауға мүмкіндік туғызыды.
          Амалдарды орындаудың мұндай тәсіліне үйрету кезінде балалар мынадай қателіктер жіберуі мүмкін: алақандарды жазып ұстаудың орнына, затты қолдарымен қысып ұстайды; қозғалысты жаймен істеудің орнына заттарды алақанға шалт қимылдап лақтыруы мүмкін; тексеруді елемейді, яғни затты бір қолдан екіншісіне алмастырмайды. Балалар зерттеу барысында ерекшеленген белгілерді анықтауға қиналады. Заттарды массасы бойынша ажырата отырып, олар тиісті сөздерді дәл қолдана алмайды ( үлкен, жеңіл емес, кішкентай, жуан, қатты, ірі, мықты, күшті, әлсіз, дұрыс, жұмсақ, жақсы, мықты емес, биік, жіңішке, т.б. ). Зерттеу амалдарымен қаруландыра олардың, сөздің мағынасын тусінуімен жұмыс істеп, баланың сөздік қорын нақтылап, терминдерді дұрыс айтуға үйрету керек. Жұмыстың келесі кезеңі – үш затты массасы бойынша салыстыру, олардың біреуі үлгі ретінде қызмет етеді.Салыстыру нәтижесі « ауыр – жеңіл » сөздерімен айтылады.Бұл тапсырманың тиімді тәсілі – барлық заттарды үлгімен ретімен салыстыру, осы негізде оның қайсысы ауырырақ  немесе бірдей анықтау.Осындай жұмыстардың арасында бала заттың көптеген белгілерінің арасынан массаны бөліп алуды үйренді.
         Тәжірбие жинауына қарай реттеліп берілген белгілер қатарынан белгілі бір массадағы заттардың орнын таба алуға, әр элементтер қатарына массасы бойынша тең жұп таңдауға жаттығулар ұйымдастыру керек.Балаларды массасы бойынша заттарды ажырата алуға үйретуді есептік түсініктерін         ( неше ауыр (жеңіл) зат, бір қатардағы заттар ауырлығы бойынша неше әртүрлі зат екенін санау ) дымытумен байланыстыру керек.Ары қарай массаның шартты өлшемдердің көмегіменқалай анықтауға болатынын көрсетуге болады (өлшегіш құрал орнына қандай бір зат (мысалы, текше, шарик, т.б.) алынады.Табақшалары бар таразыда шартты өлшегіш құралды пайдалана отырып, балалар « қолмен » салыстырып өлшеуге қарағанда, массасы бойынша теңдк немесе теңсіздікті дәл мөлшерлік көрсеткіштермен                ( өлшем саны ) қоюды үйренеді.Бірдей затты өлшеу кезінде түрлі өлшемдер қолданып, сол өлшеммен түрлі заттардың массасын анықтай отырып, балаларды функционалдық тәуелдікпен ( өлшенетін обьект массасы, өлшем массасы және алынған нәтиже арасындағы ) таныстырады.Мұның бәрі балаларда масса туралы түсінік қалыптастырады және оларды жалпыға танылған тәсілдердің (өлшемдердің) көмегімен өлшеуге дайындайды.
        Осы мақсатта 1кг, 2кг, 5кг салмақтағы кір тастары мен сусымалы тағамдық заттар пайдаланылады.Тәрбиеші балалардан азық – түлік дүкенінен не сатып алғанын, қалай сатып алғанын, қандай таразы түрлерін көргенін, таразымен заттарды қалай өлшейтіндігін сұрайды.Балалар таразы мен кір тастарын қарастырып, салыстырады, оның қайсысы үлкен, қайсысы ауыр екенін анықтайды.
        Тәрбиеші кір тасындағы цифрларға балалардың назарын аударады, ондағы цифрлар кір тасының салмағын білдіретінін айтады.( « Бұл – кір тасы 1кг, онда1 саны жазылған, ал мынау – 2кг, онда 2 саны жазылған » ). Мысалы, балалар 1кг жарманы өлшеп жаттығады.Таразы басы теңелгенше, бір басына кір тасы, екінші басындағы табақшаға жарма салынады.Балалар неше жарма өлшегенін, оны қалай білгендігін айтады. « Қолмен » және таразымен өлшеудің нәтижелері салыстырылады, мұнда балалар құралдың көмегімен өлшеудің артықшылығына көз жеткізеді.
         Балалар сұйықтықтарды өлшеудің жалпыға бірдей тәсілі мен өлшем бірлігі – литрмен таныстырылады.Балаларға сұйықтықты өлшеудің жалпыға бірдей тәсілдері туралы айтардан бұрын, оларды шартты (көлемді) өлшемдермен өлшеуге дағдыландырған жөн: 1) бір литрлік банкіні тең өлшеммен өлшей отырып, сумен толтыру; 2) бір литрлік банкіні көлемі әртүрлі өлшемдермен өлшей отырып толтыру; 3)  бір литрлік банкілерге көлемі әртүрлі өлшемдермен өлшей отырып, судың белгілі мөлшерін құю. Банкілердің  қалай толғанын салыстыру.
  Бұл тапсырмаларды орындау барысында: а)қандай да бір ыдысқа құйылатын сұйықтық мөлшерін өлшеу арқылы анықтауға болады; ә) көлемді өлшемдермен өлшеудің негізгі тәртібі: толық  өлшеммен өлшегенде, нәтиже дұрыс шығады; б) өлшеу нәтижесі өлшем шамасымен байланысты екені туралы түсінік қалыптасады. Содан кейін  сұйықтықты өлшеудің жалпыға  танылған  тәсілдерімен және көлем бірлігі ретінде литрмен таныстыруға көшуге болады:
   а) тәрбиеші балалардан  қандай сұйық заттарды білетінін  сұрайды;
   ә) өлшейтін кружканы көрсетеді, сұйық заттарды «литр»  деп аталатын өлшем бірлігімен өлшейтінін, өлшегіш кружкаға 1литр су сыятынын айтады;
  б) өлшегіш кружканың көмегімен түрлі ыдыстардың  сыйымдылығы анықталады;
  в) литрмен өлшеу қайда немесе неге қажет болатынын анықтайды. Білім және практикалық дағдыларын бекіту үшін:
а) «Дүкен»  ойыны өткізіледі, соның барысында дүкенші сатып алушыларға 1л, 2л, 3л банкілер, бидон дармен сүт сатады;
ә)  «Ыдысқа неше литр су сыятынын тап»  ойыны ( алдымен көлем көзбен, содан кейін өлшеу арқылы анықталады); б) екі ыдыста сұйықтық мөлшерін теңестіруге арналған жаттығулар.
   Бұл жұмыс барысында балаларда көлемді өлшеу бірлігі туралы түсінік қалыптастырады, «литр»  сөзінің мәні,ыдыстың сыйымдылығын анықтау тәсілі түсінікті бола бастайды.
  Жалпыға бірдей өлшеммен таныстыру үшін күнделікті өмір мен материалдардың  өз салмағы мен  көлемі (сыйымдылығы) болатыны туралы түсінік қалыптастыру; сұйық және сусымалы заттар көлемін анықтау  тәсілдерімен таныстыру.