Ертеңгілік «Құтты болсын Жаңа жыл»
На мероприятии «Құтты болсын Жаңа жыл», проводимом в детском саду «Жауқазын», главной целью является создание праздничного настроения у детей и обучение их важным социальным навыкам, таким как дружба и взаимопомощь. Во время праздника дети не только открывают для себя мир новогодней магии, но и учатся работать в команде, участвуя в различных играх и конкурсах.
Каждый участник мероприятия будет вовлечён в атмосферу радости и веселья. Ведущий приветствует детей, их родителей и учителей, акцентируя внимание на значимости сострадания и дружелюбия. Участвуя в различных конкурсах, дети знакомятся с новыми друзьями и становятся частью увлекательного действия, от чего их радость становится ещё более яркой.
В программе праздника предусмотрены выступления детей, которые будут читать стихотворения и исполнять песни, посвящённые Новому году. Аниматоры в костюмах Деда Мороза и Снегурочки добавят веселья, создавая атмосферу настоящего праздника с солнечными улыбками и смехом. Участие в таких мероприятиях формирует у детей навыки публичных выступлений и уверенности в себе.
Однако не забываются и важные дисциплинарные моменты. Ребята учатся быть ответственными и внимательными на празднике, что является неотъемлемой частью воспитания. Каждый момент в ходе подготовки к мероприятию служит отличной возможностью для обучения детей основам совместного существования в обществе, умению слушать и слышать друг друга.
Праздник завершается приятными моментами, когда все дети получают подарки, а родителям предоставляется возможность оценить труды своих чад и ощутить гордость за их достижения. Это прекрасная возможность для семейного общения и совместного времяпрепровождения, что очень важно для укрепления семейных связей и создания доброй атмосферы уважения и любви.
«Жауқазын»балабақшасы
Ертеңгілік
Дайындаған:Картабаева Ж
2017/2018жж
Тақырыбы:«Құтты болсын Жаңа жыл»
Мақсаты:балаларға мерекелік көңіл күйді тудыру,шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың,карнавалдық киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Дамытушылық:Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Музыка ойнап тұрады.Балалар кіріп отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші:Балалар осы жылы біз қай жылды қарсы алдық.
Балалар:Тауық
Тауық:Былтыр мені жақсы көңіл күймен қарсы алғанда сендерге 1жыл бойы бірге дос болам деп уәде беріп едім.Сол уәдемде тұрып сендермен бірге келіп тұрмын.1Жыл бойы сендермен өткен күндерім көңілді жақсы өтті қуанышты күндеріміз көп болып жақсы жетістіктерге жеттік.Енді мен сендермен қоштасқалы тұрмын.
Жүргізуші:Балалар біз өткен жылмен қоштасайық,ал енді жаңа жылымыз ит жылын қарсы алайық.
Ит жылы:Саламатсыңдар ма балалар!Ал енді балалар жаңа жылымыз құтты болсын.Жаңа жыл табысты,берекелі жыл болсын 1 жыл бойы сендермен бірге боламын.Бірге қызықты сәттерді бірге өткіземіз.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязата мен Ақшақарды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар:Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар,ұстаздар,ата-аналар.Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарың құтты болсын!Өтіп кеткен Тауық жылымызға аман есен саулық тілеп,келер жылымыз Ит жылына табыс жыл,береке,бірлік әкелсін деймін.
Жүргізуші:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді,шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:Ал енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Гүлназ: Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Самал Есімхан: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз,ән саламыз
Айсұлу: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Нұрлыжан:Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Дилназ: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Ерқанат: Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен
Мұхаммедияр:Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Жүргізуші:Енді балаларымыздың биіне кезек берейік.
Би:«Қуыршақтар»Қыздар биі
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен) ата анамен ойыны
Ойын: «Кім жеңеді?»(4орындықпен) балалармен ойын
Ойын шарты:Музыка арқылы орындықтардан айналып музыка тоқтаған кезде отырып үлгеруіміз керек.Үлгермеген ата ана ойыннан шығады.
Жүргізуші:Жарайсындар балалар,балаларымыз аяз атаға арнап тағыда тақпақ айтып береміз.
Жүніс: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарап жылыстап
Өнер: Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оралды ақ көрпеге
Асқар тау,қарлы шың
Нұржан: Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Бектас: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Алихан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да,мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Алпамыс: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Самал Есімхан:Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Ақүміт: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты
Дарын: Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Ойын: «Кім сезгіш»ата-аналар ойыны
Шарты: 5-6 ата ана көздерін байлаймыз,балдардың қолдарын ұстау арқылы өз балдарын табады.
Би: «Тик-так»
Жүргізуші:Енді аяз атамыз әкелген сыйлықтар береді.Аяз ата мен Ақшақар асығып тұрған сияқты балалар
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Аяз ата: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші:осымен бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Жақсы күнде кездескенше Ата аналар.