Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Эссе: «Тәрбиеші - бала жанының бағбаны»

Эссе: «Тәрбиеші - бала жанының бағбаны»

Нурболатова Айдана Аманғалиқызы
Нурболатова Айдана Аманғалиқызы
DOCX
121
4

Тәрбиеші – бала жанының бағбаны, ұстаздың рөлі мен міндеті өте үлкен. Оның қолында кішкентай жүректердің тәрбиесін қалыптастыру, оларға білім беру, болашақ өміріне бағыт беру сияқты жауапкершілік тұр. Бүгінде тәрбиеші болу аса жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, тәрбиеші өз ісінде тәрбиемен қатар, білім, дағды, адамгершілік қасиеттерді де қатар қамтамасыз етуі қажет.

Тәрбиеші болу – мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік секілді қасиеттерді бойында ұстау. Басқаға үлгі болу үшін тәрбиеші өзі де адамгершілік асқақта болғаны жөн. Мен «Жауқазын» балабақшасында қызмет етіп, балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысамын. Балабақшада оқу іс – әрекеті бойынша 5 білім саласы бойынша жұмыс жүргізіледі. Әрбір бала танысып, дамиды, ойын арқылы білім алады.

Слайд, интерактивті тақта, түрлі көрнекіліктермен жұмыс ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Мен дербес сабақ өткізу барысында дамыта оқыту, триз технологиясы, денсаулық сақтау, Монтессори технологияларын қолданамын. Күнделікті сабақтарда балалардың қызығушылығын арттыра отырып, олардың ой-өрісін дамыту үшін ұлттық ойындарды да енгіземін. Ойын баланың рухани әлемін кеңейтеді, біз ұлттық ойындар арқылы дәстүрімізді, мәдениетімізді бүлдіршіндерге жеткіземіз.

Балалар мен ата-аналармен жиі қарым-қатынаста болып, концерттер, сайыстар мен шараларға бірге қатыстыру, ата-аналардың тәрбие үрдісіне қатысуы өте маңызды. Бұл қатынастар бала тәрбиесіне оң әсер етеді. Балаларға рухани – адамгершілік тәрбие беруде ұлттық ойындардың маңызы зор. Ойын түрлері арқылы балаларға үлгілер мен тәрбие беремін, олардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық мәдениетімізді насихаттаймын. Мұндай ойындар баланың ұқыптылығын, адамгершілігін, бірлік пен ынтымақтастық сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталған.

Вам будут интересны эти конкурсы: