Краткое руководство по комнатным растениям и уходу за ними
В нашем обширном документе представлены самые популярные комнатные растения, их характеристики, а также рекомендации по уходу. Каждое растение требует индивидуального подхода, и мы постарались собрать всю необходимую информацию, чтобы помочь вам создать идеальные условия для их роста и цветения.
Мы рассмотрим такие растения, как хлорофитум, бегония, фикус и многие другие. У каждого из них есть свои особенности: от уровня освещения до частоты полива, и мы поможем вам разобраться в этом многообразии. Учтите, что важным аспектом в заботе о комнатных растениях является соблюдение их потребностей, и тогда они порадуют вас своим цветением и здоровым внешним видом.
Документ также включает в себя советы по борьбе с возможными вредителями и болезнями, которые могут угрожать вашим зеленым друзьям. Будьте внимательны к сигналам, которые подают ваши растения, и они ответят вам яркими цветами и свежей листвой. Мы уверены, что правильный уход за растениями не только украсит ваш дом, но и принесет определенное душевное удовлетворение.
Аты | Суреті | Мәліметі |
Хлорофитум | Хлорофитум гүлінің атауы грек тілінен аударғанда – жасыл және – өсімдік деген сөздерден шыққан. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда – Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда таралған. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Әдемілігі – мұртшасы мен нәзік қияқ жапырақтарында. Жапырақтарының түсі түріне байланысты: жай сұрыптары жасыл, қою жасыл болса, сұрыпталған түрлерінің жапырақтары ақала, сарыала болып келеді. Жасыл жапырақтарының ортасында ақ сызық болса, екінші түрінде керісінше ортасында жасыл сызық, ал шеттері ақ немесе сары түсті болып келеді. Ерте көктемде гүлдейді. Гүлдері ұсақ, пішіні лала гүлдікіне ұқсайды, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Гүлдері гүлсидамында кезектесіп орналасады. Гүлдеп болған соң, гүлдеген жерлерінен балапандар шығарады. Балапандары біраз уақыттан кейін үлкейіп өсіп, тамырланады. Оны бірден аналығынан бөліп, бөлек түбекке отырғызу керек. Басты ерекшелігі, күтімді көп қажет етпейді, есесіне бөлменің ауасын жақсы тазартады. Ғалымдар хлорофитум өсімдігінің ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл өсімдікті әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Қынагүл | ҚЫНАГҮЛ (IMPATIENS БАЛЬЗАМИН) – бальзаминдер тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Африка аймақтары. Гүлдің 850-дей түрі белгілі. Сабақтарының биіктігі 40-50 см, тік орналасқан, сулы, жартылай мөлдір. Жапырақтары ұзыншақ сүйір болып келген, жиектері майда аратісті, түсі ақшыл жасылдан, қою жасыл аралығында. Гүл күлтелері жай және гүлпарлы, ал түстері күлгін, ақ, қызыл, ақшыл көк, қызғылт болады. Мол әрі ұзақ көктемнен күзге дейін гүлдейді. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
ҚАЗТАМАҚ |
| ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны –Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, стафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Фикус | Фикус (FICUS ФИКУС) үй гүлдерінің ішіндегі ең кең таралғаны және танымалы десек те болады. Туысында 1500-2000-ға жуық түрі болғанымен «Каучук фикусы» көп өсірілетін түрі. Сонымен қатар, «Бенджамин фикусы» және «Эластика фикусы» деген түрлерін де өсірушілер қатары көбейіп келеді. Әдемі жапырақтарына бола бұл гүлді нағыз мекеме гүлі деп айтады. Дегенмен де фикус көпшілікке ең алдымен көп күтімді қажет етпейтін «көнбістігімен» танымал болған шығар. Бүгінгі біз айтқалы отырған фикус «каучук фикусы». Каучук фикусының өзі бірнеше топқа бөлінеді. Алғашында, жасыл, жалпақ жапырақты бір түрі болса, қазіргі кезде оның сары ала, ақ ала, қызыл ала және ұсақ жапырақты, бойы аласа секілді бірнеше түрі шығарылды. Барлық түрінің күтімі бірдей. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жапырағының түстерінде ғана. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Спатифи́ллум | Спатифи́ллум (лат. Spathiphyllum) - Ароид тұқымдасының лат. Araceae 113 тегінің бірі. Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі[1] . Біздін елде тек бөлме өсiмдiктерi түрінде өседі. Ол көбінесе «Әйел бақыты» деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Бегония | Бегония (лат. Begonia) - Бегония тұқымдасының біржылдық және көпжылдық өсімдіктөрі мен бұта не шала бұта түрінде өсетін өсімдіктердің бір туысы. Бегонияның 1000-нан астам түрлері бар. Бөлме гүлдерінің арасында кез келген жағдайға икемделе алатын кең таралған гүл. «Begonia» деген атауы Гаитидің губернаторы М.Бегонның құрметіне қойылған. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Шегіргүл | Шегіргүл (лат. Víola) - шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Фуксия | Фуксия — үйге әсемдік үшін өсірілетін қызыл гүлді өсімдік. Ұсақ жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы біткен, гүлдері нәзік, тез солғыш, сабағы жіңішке болып келеді.Бақта өсірілетін фуксияның әртүрлі пішінді көптеген түрлері болады (гүлдерінің сабағы қарапайым немесе түкті — ақ, қызыл, көгілдір немесе күлгін, ал гүл қауатағы әдетте қызыл түсті). Фуксия жарық аз түсетін бөлмеде жақсы өседі. Оны жаз айларында көлкітіп не бүркіп суарады да, әр 10 күн сайын қоректендіріп отырады. Ал қыста фуксияны суаруды азайтып, терезеге жақын, салқын жерге орналастырады жылы ауа келмейтіндей етіп батареялы бүркен жауып қояды. Фуксияны гүл жарған кезде орнынан қозғауға болмайды, өйткені гүлі түсіп қалуы мүмкін. Оны көктемде қарашірік пен құм қосылған қара топыраққа ауыстырыл отырғызады. Осы кезде өркенінің 1/3 бөлігін шырнып тастайды. Фуксияны тұқымы және қалемшесінен көбейтеді. Оның бұт ақтарын дұрыс шырпыса шар пішінді әсем ағаш болып шығады. |
Аты | Суреті | Мәліметі | ||||
Аспарагус | Аспарагус лат. Аsparagus — лилия тұқымдасына жататын көпжылдық шөп текті өсімдік. | |||||
Аты | Суреті | Мәліметі | ||||
ЖҮСІП СҰЛУЛЫҒЫ ( СOLEUS КОЛЕУС | ЖҮСІП СҰЛУЛЫҒЫ ( СOLEUS КОЛЕУС) – көпжылдық, шөптесін немесе жартылай бұтақты, қалақай тұқымдасына жататын өсімдік. Негізгі отаны - Азия, Ява аралдары. 150-ден астам түрі белгілі. Ол өзінің түрлі-түсті ала жапырақтарымен бағаланады. Бірақ бір түсті түрлері де кездеседі. Жапырағы жүрек пішіндес және жиегі ара тісті, беті тегіс емес. Соңғы уақытта жіңішке, жиегі жыртық жапырақты сұрыптарын өсіру үлкен сәнге айналды. Жаз, күз мезгілдерінде гүлдейді. Гүлдері айтарлықтай әдемі емес, шырақ секілді сабақ басында орналасады. Жүсіп сұлулығын гүлі үшін емес, әдемі жапырақтарына бола өсіреді. Бір жылдық түрлеріде бар. Бір жылдық түрлерін көгалдандыруда қолданады, күз кезінде алып тастап, көктемде қайтадан орнына жаңа өскіндерін егеді. Бөлмедегідей, аулада да топтасып тұрғанда, немесе жол жиегіне еккенде әсем көрінеді. | |||||
Аты | Суреті | Мәліметі | ||||
ЦИПЕРУС | ЦИПЕРУС (CYPERUS) ЦИПЕРУС – өлең шөп (Carex) тұқымдасына жатады, ежелгі грек тілінен аударғанда «өзеннің байлығы» деген мағынаны білдіреді. Бізде циперусты бөлме гүлі ретінде өсіреді. Оның тік сабақтарының басында қолшатыр тәріздес жапырақшалары орналасқан.Түріне байланысты циперус сәуірден қыркүйек айына дейінгі аралықта гүлдейді. Гүлдері жапырақшаның дәл ортасынан шығады, жасыл түсті, кейін біртіндеп қоңырға айналады. Циперусты бөлменің көлеңкелі жерлеріне, аквариумның маңына орналастырады. Үй жағдайында бойы биік емес, 70 см-ден 1-метрге дейін жететін түрлерін өсіреді. | |||||
Аты | Суреті | Мәліметі | ||||
АСПИДИСТРА | АСПИДИСТРА (ASPIDISTRA) Лилейниктердің туысына жататын аспидистраның мәдени түрге енгеніне біраз уақыт болды. Көбінесе оны меруерт гүлімен шатастырып жатады. Алайда аспидистра мен меруерт гүлінің айырмашылығы жер мен көктей. Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын (50 см), түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады. Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра» (Aspidistra elatior) деп атайды. Үй жағдайында терезе алдын және үстел үстін көмкеруге қолданады. |
Аты | Суреті | Мәліметі | |
Алоэ | Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады. | ||
Аты | Суреті | Мәліметі | |
Каланхоэ | Каланхоэ (гүл) – халық арасында «үй дәрігері» немесе «өмір ағашы» деп аталады. Каланхоэның шырынды болғандықтан,сукуленттер тобына жатқызылады. Отаны – Оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азия және оңтүстік Америка. Бөлме жағдайында каланхоэның бірнеше түрі өседі, өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін оның емдік қасиеті туралы мәліметтер болмаған. Бөлме өсімдігі ретінде өсіріле бастағаннан кейін ғана дәрілік қасиеттері ашылған. Оның жапырағынан алынған шырыны емдік мақсатта пайдаланылады. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Сансевиерия | Сансевиерияның қалың жапырақтары өте төзімді, тіпті ашық күннің де зияны тимейді. Сансевиерия аздаған суға қанағат етеді. |
Аты | Суреті | Мәліметі | ||
Цикламен | Цикламеннің (СYCLAMEN ЦИКЛАМЕН) Отаны Иран, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауы. 15-ке жуық түрі белгілі. Гүлдеп болған соң өсімдікте демалыс кезеңі басталады. Жапырақтары солмай тұрып жұлып тастауға болмайды, жапырақтағы нәр қайтадан тамыртүйнегіне барады. Жапырағы солып болғаннан кейін, өсімдікті түбегімен салқын, қараңғы жерге қояды. Тек анда-санда топырағы құрғап кетпес үшін ғана дымқылдандырып тұрады. Жаздың ортасында жаңа топыраққа қайта отырғызып, жарық жерге қойып, суғарып, қоректендіруді бастайды. Қайта отырғызу кезінде түйнектің 1/3 бөлігі топырақтың бетіне шығып тұруы керек. Еуропа цикламені мәңгіжасыл, жапырақ түсірмейді, өйткені бұл өсімдікте демалу кезеңі болмайды. | |||
Аты | Суреті | Мәліметі | ||
Пеперомия | Пеперомияның қалың жапырақты түрлері бұрыш тектілерге жатады және жартылай суккулента болып табылады. Бұл өсімдіктің сабағы мен жапырақтарында су қоры сақталады. Соның арқасында, бір-екі рет суарылмай қалғанның өзінде, оған ештеңе болмайды. Оларға ауаның аз ылғалдығы да маңызды емес. Қыста +12С дейінгі температураны жақсы көтереді. Бұл мерзімде суаруды азайту қажет. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Традесканция | Традесканция әрқашан балалық шақты еске түсіреді. Қыста бұл өсімдік салқын бөлмеге керемет үйлеседі. Дегенмен, оған жеткілікті жарық түсіп тұруы қажет. Ал суға келсек, традесканция оны өте үнемдеп жұмсайды. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Лиана | Лиана (французша lier - байлау) - өздігінен тік көтеріле алмайтын, бірақ маңындағы ағаш, бұта, құрылыстарға ілініп, шырмалып немесе өрмелеп тез өсетін ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Маранта | Маранта (ARROWROOT) (Maranta), маранта (Marantaceae) тұқымдастарының көп жылдық шөпті өсімдіктерінің түрі, ТАМЫРЫНДА крахмал (яғни, аррорут) бар. [1]. |
Аты | Суреті | Мәліметі | |
Хамедорея (CHAMAEDOREA ХАМЕДОРЕЯ) – пальмалардың ең ірі түрлерінің бірі. Оның жүзден астам түрлері бар. Грек тілінен аударғанда хамедорея атауы «аласа бойлы, сыйлық» деген мағынаны білдіреді. Отаны Мексиканың, Оңтүстік және Хамедорея үй жағдайында өсіруге өте ыңғайлы өсімдік, көп күтімді қажет етпейді, бірақ баяу өседі. Жаз кезінде оны балконға немесе аулаға шығарып қоюға болады. Тек өткір күн сәулесінен қорғау керек. Ол жел өтіне шыдамсыз өсімдік. | |||
Аты | Суреті | Мәліметі | |
Монстера | Монстера (лат. Monstеra) - Ароид тұқымдасының лат. Araceae 113 тегінің бірі. Ірі тропикалық өсімдік, лиана. 1800-ге жуық түрі белгелі. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Жасаңшөп | Тағы бір суккулентті өсімдік, халық арасында маймыл не ақша ағашы деп аталып кеткен жасаңшөп(толстянка) те төзімді және күй таңдамайды. Оның жапырақтары қалың және сабағы қатты, ағаш тәрізді. Оның күтімі өте қарапайым. Қыста ол үшін 6-10С температура жеткілікті. Сәйкесінше, судың да қажеттілігі азаяды. Бұл өсімдікке құрғақ ауаның зияны болмайды. Жазда да олардың күтімі қиындамайды, олар таза ауада жақсы өсе береді. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Драцена | Бұл гүлдің аты - драцена. Атауы айдаһардың (дракон) аналығы дегенді білдіреді. Драценаның бұл түрі - Маргината немесе жиекті (окаймленная) сұрыпты. |
Аты | Суреті | Мәліметі |
Саумалдық | Саумалдық (Amphilophis odorata) — хош иісті бар, дәнді дақылдарға жататын шөп өсімдігі. Саумалдық – көгалдандыруда жапырағыәдемі және гүлі әдемі болып 2 топқа бөлінеді.Гүлінің аты грек тілінен аударғанда қышқыл деген мағынаны білдіреді. Ал ауылдықжерде саумалдық жоңышқа деген атпен танысОның өспейтін жері жоқ. Арамшөп секілді ауланың кез – келген бұрышына шыға береді.Саумалдық Ирландияның гербінде бейнеленген. Мамыр – маусым айларында гүлдйді. Гүлінің түсі ақ, сары, көк, қызыл,күлгін. Бойының биіктігі 7 -10см.Құнарлыжеңіл топырақты ұнатады. Жақсы жарық түсетін жерге отырғызу керек. Күн жетіспегенжағдайда сабағы ағарып, жіңішкеріп кетеді.Тұқымын себу арқылы көбейтеді. Тұқымының өнімділігі өте жоғары. |
Раушан
Екпе раушан гүлдері шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, оның 300-ге тарта түрі, 30000 мыңға жуық сорты бар.Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылады.Раушан гүлінің ең ежелгі бейнесі Крит аралында табылған, жасы шамамен б.з.д 2000 жыл.Ең кішкентай раушан гүл- «Си»(испан тілінде «ия») сортының түйнектерінің көлемі күріш дәнімен бірдей.Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда кездеседі.Ол Хильдесхаймдағы шіркеудің жанында өсіп тұрған раушан гүлі, оның ұзындағы соншалық, тіпті шіркеудің шатырына да жетіп қалған.
Бәйшешек
Әлемде бәйшешектің 17-ге тарта түрі белгілі.Олардың қатарында гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады.
Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді.Оның эльвис деп аталатын шар тәріздес түрі бар.Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.
Қызғалдақ
Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы.Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған.Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр.Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрияға, одан кейін Германия мен англияға әкелінген.XVII ғасырдың басында олар Голландяда да тарала бастаған.
Жұпаргүл
Жұпаргүлдің атауы гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, бұл түтікше деген мағынаны білдіреді.Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындаған.
Қазіргі таңда бұл өсімдікті бау бақша, паркты әсемдеуге пайдаланылады.
Нәркес
Нәркес негізінен Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі аймағы мен Азияда таралған 60-қа тарта түрі бар.Ежелгі Римде нәркес Жеңістің белгісі болған деі.Римдіктер соғыстан қайтқан жеңімпаздарын әдетте сары нәркестерден жасалған алқагүлдермен қарсы алатын болған.Қытайлықтар осы күнге дейін нәркесті Жаңа жыл салтанаттарында пайдаланады.Осындай тамаша күні осы әсем гүл барлық салтанатты шаралардың, құдайға табыну орындарының басты әшекейіне айналған.
Лаванда
Бұл гүлдің Отаны-Жеротрта теңізі жағалауы, Канар аралдары және Үндістан.Өсімдіктің атауы латынның «lava» -жуу сөзінен шыққан, бұл лаванданың гигиеналық қасиеттерін көрсетеді.Лаванданың қымбат тұратын жұпар иісі халықаралық саудада ерекше орынға ие, ол көптеген зиялы адамдардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерекше маңызға ие болған, себебі оны бальзамдау құрамына да қосады.
Меруертгүл
Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған.Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді.Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды.
Түймедақ
Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.
Лалагүл
Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар.Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.
Сарыгүлдер
Сарыгүлдер адамзат баласына ежелгі заманнан-ақ бері белгілі.Мысалы, Крит аралындағы Кносс сарайының қабырғасындағы суреттерде гүлдеп тұрған сарыгүлдермен қоршалған абыз бейнеленген.Бұл сурететрдің жасы шамамен 4000 жыл.Сарыгүлдің атауы ежелгі Грекиядағы Ирида құдайының атына сәйкестендіріліп қойылған.Аңыз бойынша, құдайлардың елшісі Ирида жерге кемпірқосақ арқылы түскен.Бұл гүлдің атауын грек дәрігері Гиппократ қойған.
Бақбақ гүлі
Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамырайларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады
Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадіртұтып, сүйіспенші- лікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Гре- цияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.