Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ана – аса қымбатты жан!

Ана – аса қымбатты жан!

Бубетаева Молдир Жумаевна
Бубетаева Молдир Жумаевна
DOCX
139
2

Данный материал посвящен празднованию Международного женского дня 8 Марта, который является важным событием для каждого из нас. Описание включает в себя программу утренника, подготовленную для поздравления матерей. Важной целью мероприятия является создание праздничного настроения и развитие у детей навыков театрализованного исполнения. На празднике присутствуют дети, которые с любовью и искренностью поют песни и читают стихи, посвященные своим матерям.

Углубляясь в программу, можно отметить, что в сценарии присутствуют яркие персонажи, радующие как детей, так и взрослых. Ведущая утренника приветствует всех собравшихся и поздравляет мам и бабушек с этим чудесным весенним праздником. Дети участвуют в различных играх, конкурсах и танцах, а каждое выступление наполнено добротой и теплотой. Подготовлены интересные творческие задания для детей, которые выполняются с радостью и воодушевлением.

Сценарий включает в себя музыкальные номера и декламацию стихов, которые были написаны детскими голосами. Они демонстрируют уважение и любовь к своим матерям, подчеркивая их важность в жизни каждого ребенка. Дети имеют возможность проявить свои творческие способности, развивая таким образом свои эмоциональные и артистические навыки. Каждое выступление завершается аплодисментами, создавая тем самым обстановку единства и праздника.

В завершение мероприятия происходит вручение подарков матерям от их детей. Эта традиция символизирует благодарность и любовь, которые дети ощущают к своим мамам. Мероприятие оставляет теплые воспоминания и положительные эмоции у всех участников. Такой утренник не только сближает детей и родителей, но и помогает формировать у детей уважение к старшему поколению и осознание важности семьи.

Предпросмотр

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты:-мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым»

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейрімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдің гүлі, Ару өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға әжелерімізге арналған мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Ана – аса қымбатты жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!


Нұржан: Ақ тілекті ағытып тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.


Айбек: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп
Мерей тойды ашайық. Салют!


Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жырладым
Өзің маған сыйға берген өмірді
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Тәрбиеші: Мектепалды даярлық тобының орындауында «Ақ мамам» әні. (Еркелеймін шаттанам...)
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Н. Айша
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет


Санжар
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
Нұржан
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.


Ұлжан
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Еркеназ
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!


Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қуыршақтар биін»


Би: «Қуыршақтар»
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)


-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)


Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.


-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер. Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
кәмпиттегі тапсырма:

  1. тапсырма: Ойын: «Ұлдар қыздарға гүл сыйлайды»

Ойын жарыс түрінде өтеді. Ұлдарымыз қыздарға гүл сыйлайды ортаға шығып сайысқа түседі.


  1. Кәмпиттегі тапсырма :

Би: «Раз ладошка, два ладошка»


Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Ән: «Ақ әжем»


Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Ерасыл
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге,
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.


Айару
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!


Ш. Бекарыс
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.


С. Бекарыс
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.


Жанбота
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын


  1. кәмпиттегі тапсырма:

Ойын: «Жылы сөз» (аналарымен ойын)

  1. кәмпиттегі тапсырма:

Би: «Фиксики»
Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:


Айбек
Ана деп күнде ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде «бес» алам.


Нұрай
Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.


Самрат
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.


Алим
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!


Мұхаматибрагим
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.


Аслан
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.


Нұрәлі
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балбыратып тәніңді.
Ән:» Көктем»
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да мектепалды даярлық тобтарында мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)


Тәрбиеші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)



Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!


Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
Балалар хормен:«Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»
Қол ұстасып, әуенмен топқа кіреді.



«Үлкен ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Тәрбиеші: Бубутаева Молдир Жумаевна