Технологиялық карта: «Суретші қыс»
Данный документ представляет собой технологическую карту организованного учебного занятия для детей II младшей группы, посвященную знакомству с поэзией К.Нусипова. В ней рассматривается тематическое направление, связанное с зимними стихами, что позволяет детям увидеть красоту зимнего времени года и развить свои творческие способности через литературу.
Основной целью занятий является знакомство с произведением «Суретші қыс», которое рождает в детях интерес к поэзии и развивает их эмоциональную сферу. С помощью этого занятия педагоги могут не только обучать детей основам языка и искусства, но и формировать у них глубокую связь с природой, пробуждая соответствующие чувства и восприятие окружающего мира через поэтические образы.
Кроме того, в рамках занятия предусмотрено использование различных методов работы, таких как игровая деятельность, рисунки и коллективное обсуждение, что помогает детям лучше воспринимать материал. Дети учатся не только читать и понимать текст, но и выражать свои мысли, чувствовать ритм и музыкальность языка. Практические задания, такие как создание «искусств зимы», позволяют ребятам развивать свои навыки и расширять словарный запас.
Заключительная часть занятия направлена на рефлексию, где дети могут поделиться своими впечатлениями и мыслями о том, как они поняли стихи и что для них значит зима. Это учит детей критическому мышлению и самовыражению. Занятие насыщено движением и активной деятельностью, что делает его не только образовательным, но и веселым.
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 15. 12. 2016 ж.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі:«Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Суретші қыс» (өлең) К. Нүсіпов
Мақсаты: «Суретші қыс» өлеңімен таныстыру
Міндеттері:
Білімділік: балаларды шығарма мазмұнын өз іс – тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету;
Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: табиғат сұлулығын сезіне білуге баулу.
Сөздік жұмыс: қырау
Үштілдік компоненет: қырау – иней – frost
Керекті құрал – жабдықтар: сюжетті суреттер.
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балаларды шеңберге шақырады.
Достық шеңбері:
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұл – қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастыру– іздестіру
Әңгімелесу (суреттер көрсету).
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Иә, қыста күн суық, ызғарлы, аязды болады. Қар жауады. Қардан аққала жасаймыз.
Сөздік жұмысы:
Аязды күндері біздің терезелерімізге аяз сурет салады. Оны қырау дейді.
Қырауды орысша: «иней» дейді, ал ағылшын тілінде «frost» (фрост) немесе «hoarfrost» (хоафрост) деп те айтуға болады.
Қыс мезгілі суық болса да, өте көңілді.
Міне осы «Қыс» мезгілінің сұлулығы туралы көп ақындарымыз өлең жазған екен. Солардың бірі К. Нүсіпбеков деген ақын ағамыз.
Балалар, бүгін біз К.Нүсіпов ағамыздың «Суретші қыс»деген өлеңімен танысамыз.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
«Суретші қыс»
Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
Тазарып бар кір, шаңнан,
Қыс өнерін бастады
Терезеге қыраудан
Сурет салып таста–ды.
Әңгімелесу.
Балалар, ақын бұл өлеңді қалай деп атаған?
Ал сендер қалай атар етіңдер?
Бұл тақпақты жаттауға бүгін бізге суретті схема көмектеседі.
1.Тақпақты схема арқылы оқу.
2.Тақпақты әр түрлі шапшаңдықпен оқу.
3.Тақпақты жануарлардың дауыстары арқылы оқу (аю,қоян).
4.Тақпақты әуен ырғағы арқылы жаттау.
Балалармен жеке жұмыс:
Балаларды тақтаға шығарып,жеке-жеке тақпақты айту,жаттау.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз
Шапалақ біз соғамыз Сарт-сарт-сарт
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топылдатып басамыз
Топ-топ-топ,
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Шанамен зулаймыз
Зу-зу-зу
«Сурет саламын» ойыны
Мақсаты: ауада өлең жолдарына сәйкес суреттер салу.
Қарындашты алайық,
Түрлі суреттер салайық.
Ашып – жұмып саусақты,
Дайындалып алайық.
Міне үлкен төртбұрыш,
Тура үстінде үшбұрыш.
Неге ұқсап тұр біздің,
Төртбұрыш пен үшбұрыш?
-Үйге!
(автор А. Темирбековна)
Қыс мезгілі.
Қар жауады.
Күн суытады.
Аяз болады.
Аққала жасаймыз.
«Қырау» сөзін жаттап алуға тырысады.
Екі тілдегі баламасын бірнеше рет қайталап, есте сақтауға тырысады.
Мұқият тыңдайды.
«Суретші қыс».
Әр баланың дербес жауабы.
Схема арқылы айтып көреді.
Жануарлардың дауыстары арқылы қайталайды.
Қимылдарын келтіріп, барлықтары бірге сергіту сәтін орындайды. Қызығушылықтары артады.
Әрбір бала өлең жолдарына сәйкес қимылдап, ауада сурет салады.
Рефлексивті– түзетушілік
Қорытынды:
Балаларды мақтап, мадақтайды. Белсенділік танытқан балаларды атап өтеді.
«Жылулық» шеңбері
Жүректен шыққан жылы сөз,
Жүрекке барып жетедi.
Жылы сөзден дос жүрегi,
Мейiрiмге толып кетедi.
Тәрбиешінің артынан бірнеше рет қайталап, жаттап алуға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:өлең мазмұнын;
Болу керек:қыс мезгіліндегі құбылыстар туралы түсінік ;
Істей білу керек: шығарма мазмұнын өз іс – тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуі.
Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова - Шагирова
Тексерілді: _______________