Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Волшебство нового года с «Ақшақардың кебісі»

Волшебство нового года с «Ақшақардың кебісі»

Касымова Саида Канатовна
Касымова Саида Канатовна
DOCX
146
2

С наступлением Нового года каждый из нас ожидает чудес и волшебства. Эта новогодняя программа «Ақшақардың кебісі» наполнит детские сердца радостью и позитивом. Мы предлагаем вам уникальную концепцию праздника, которая привлечет внимание всех детей, создавая неповторимую атмосферу.

Основная цель нашей программы - устроить веселье и порадовать детей. Ярко оформленная новогодняя елка, веселые игры и конкурсы не оставят никого равнодушным. А в центре внимания, конечно же, такие долгожданные персонажи как Ақшақар и Сиқыршы, которые принесут с собой шарм и волшебство. Это не просто утренник, а настоящая сказка, в которой может участвовать каждый ребенок.

Обратите внимание на яркие костюмы и декорации, которые помогут создать ощущение настоящего праздника. Музыка, которая будет сопровождать мероприятия, добавит дополнительную изюминку. Ах как весело станет всем, когда дети будут участвовать в соревнованиях и играть в разные игры, которые объединят их в дружеском взаимодействии!

В ходе праздника мы будем не только развлекаться, но и учить детей важным жизненным ценностям, таким как дружба, сотрудничество и креативный подход к решению задач. Каждый момент будет наполнен смехом и радостью, что сделает этот праздник незабываемым. Давайте вместе сделаем этот Новый год поистине волшебным!

Предпросмотр

«Ақшақардың кебісі» атты жаңа жылдық ертеңгілік


Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Мерекеге байланысты безендірілген зал, әдемі сазды әуенмен балалар залға кіріп, орындықтарына жайғасады.
Жаңа жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
(Сиқыршы шығады)
Сиқыршы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?
Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.
Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?
Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі.
Ал, сиқыршы олай болса, біздің қыздарымыздың жаңа жыл биін тамашалап көр.
«Ғажайып Жаңа жыл» биі.
Сиқыршы:
Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз. (Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Қой кіреді.
Жүргізуші: Ой мынау не?
Балалар: Мынау, Қой.
Қой: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жүргізуші: Қой, сен келе жатқанда мына кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың бе?
Қой: Жоқ, көрген жоқпын.


Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келдім. Жаңа жыл сендерге бақыт, қуаныш әкелсін. Кетер алдында сендермен бір қызықты ойын ойнап кетейін. Ойнайсыңдар ма, балалар?
Балалар: Ойнаймыз.
Ойын: Алма. Екі жақтан екі кісі жіп тартып тұрады. Сол жіпке алмалар тағылады. Балалар, әуен қосылғанда, қолдарының көмегінсіз алманы тістеп жейді.
Әуен тоқтағанда қайсы бала алманы тістеп, жеп үлгереді сол бала жеңеді.
Қой: Мен енді қайтайын. Сендерге Маймыл жылы келеді. Қош сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Сиқыршы енді, не істейміз?
Балалар сиқыршы ойланғанша, біз сендермен қызықты ойын ойнап жіберейікпе?
Балалар: Иә.
Ойын: Жаңа жылдық сайыс
Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады.
Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, т.б. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
 Жүргізуші:Сиқыршы сен ойландың ба?
Сиқыршы: Иә. Бір ой таптым. Қазір мен балаларды орман гномдарына айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен балақайларды гномдарға айналдырып жібереді).
Жүргізуші: Қане, гномдар, биін тамашалайық.
Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ.
(Әуенмен аққала кіреді)
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Мен білемін біздерге Аққала көмектеседі. Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.
Аққала: Мен көңілді Аққаламын.
Ойын - күлкі әкелдім,
Бақыт, қуаныш сыйлаймын.
Мықты денсаулықпенен.



Мен сендерге көмектесемін, бірақ балалардың бір биін тамашалап алайын.
Жүргізуші: Айтқаның болсын, аққала. Қыздарымыздың чунга – чанга биін тамашала.
«Чунга – чанга » биі
Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар,
Сиқырлы үйді қараңдар.
Жарығы жанып тұр,
Терезесін қағайын.
Кім тұратынын сұрайын.
Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады).
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.
Ақшақар: Мен билегенді ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым.
Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.
Ақшақар: Сиқыршы, балақайлар сендерге көп рахмет.
Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың саған арнап дайындап келген биі бар, тамашалаңыздар.
«Ақшақарлар биі»
Ақшақар: Балалар сендер биді тамаша билейді екенсіңдер, ал ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше ойын ойнайық.
Жүргізуші: Ойын:Тамаша би
3 – жұп (ұл мен қыз) шығарылады. Жерге газеттер қойылады. Әр жұп бір газеттің үстіне тұрады. Музыка қосылғанда жұптар билейді, бірақ газеттен шығып кетуге болмайды. Музыка сөнгенге дейін кім газеттін үстінде билеп шыдайды, сол жұп жеңеді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар
Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?
Балалар: Жоқ
Сиқыршы: Мен білемін, Аяз ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз қайда екен? Үйге қайтатын болды. (Балалар жұптасып қатарға тұрады да шыршаны айналады).
Ақшақар: Балалар, Аяз Ата сендерге келсін бе?
Балалар: Иә.


Ақшақар: Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер сол жұмбақтың шешімдерін табыңдар. Содан кейін Аяз Атада келеді.
1. Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.
(қар)
2. Көзі жоқ сурет салады.
Қолы жоқ шымшып алады.
(аяз)
3. Жасыл ине киемін.
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң.
Төріңдемін үйіңнің.
(шырша)
Ақшақар: Не деген ақылды балақайлар!
(Әуенмен Аяз ата шығады).
Аяз ата: Мен көңілді Аяз атамын.
Құрметті балалар!
Сәлеметсіздер ме қыздар мен ұлдар. Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар.

Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане, Аяз Атамен барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның шамдарын жағады).
Балалар, барлығымыз қаттырақ үрлейікші. (шам жанады.)
Жүргізуші: Балалар, мүмкін Аяз Атаны ән айтып қуантып, өнерімізді көрсетеміз бе?
Балалар: Иә
«Аппақ, аппақ жапалақтап» әні
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар. Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, ата.
(Қолғапты тауып, Аяз атадан сұрайды:)
Сиқыршы: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?
Аяз ата: Иә қолғап менікі.
Жүргізуші:Сиқыршы сен қолғапты Аяз Атаға бермей тұра тұр.Аяз ата біздің балалармен қызықты ойын ойнасын, егер қолғабын ала алса береміз. Ойын:«Қолғапты қуып жету».
Әуен қосылады. Балалар бір - біріне қолғапты беріп, Аяз ата балалардан алуға тырысады.
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.
Залға маймыл кіреді.


Маймыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә. Маймылсын.
Жүргізуші: Қане,Жаңа маймыл жылына 1 ладошка, 2 ладошка биін билеп берейік.
Би: 1 ладошка, 2 ладошка
Маймыл: жарайсыңдар, балалар.
Жүргізуші: Аяз Ата біздің балалар жаңа жылға арнап тақпақ жаттап келді. Аяз ата: Олай болса балақайлардың тақпағын тыңдайық.
Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.
Ән: «В лесу родилась елочка»
Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады).
(Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы, маймыл өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).
Жүргізуші: Қош болыңыздар!Ақшақардың кебісі атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.2016 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай!
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!







Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі



«Ақшақардың кебісі» жаңа жылдық ертеңгілік





Өткізген: Касымова С. Қ





Бозанбай ауылы 2015 – 2016 оқу жылы