Аппликация: «Менің үйім»
Оқу іс-әрекеті барысында балалар «Менің үйім» тақырыбында аппликация жасап, түрлі геометриялық пішіндермен танысатын болады. Негізгі мақсатымыз - балалардың шығармашылығын дамытып, оларды қамқор әрі жанашыр болуға тәрбиелеу. Әрбір бала үйдің құрылысында маңызды рөл атқаратын пішіндерді пайдаланып, жеке жұмыстарын жасауға мүмкіндік алады.
Шаттық шеңберінде балалар бір-бірімен танысуды және өздерін ашық түрде көрсетуге ұмтылады. Бүгін бізге қуыршақ қонаққа келеді. Ол балаларға өзінің кім екенін, не істейтінін айтып, олардан үй салуда жәрдем сұрайды. Бұл момент балалардың қызығушылығын оятады, әрі оларға жұмыста белсенді қатысуға ынталандырады.
Педагог балаларға түрлі пішіндерді таратып, дидактикалық ойын «Пішіндерді ажырат» арқылы оларға пішіндердің ерекшеліктерін танытады. Балалар, іріктеу және ажырату арқылы пішіндер мен олардың түстерін біле бастайды. Педагог назарларын үлестірмелі материалға аудара отырып, балаларға белсенді болуға, сұрақтарға жауап беруге шақырады.
Осылайша, барлық балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, түрлі пішіндерден үйдің қабырғаларын құрастырғалы жатыр. Әр бала өз қиялына сүйеніп, ерекше үй жасауға талпынатын болады. Жұмыс барысында олардың қол моторикасы дамиды, бұл үрдіс балаға пішіндерді оңай қабылдауға көмектеседі. Нәтижесінде, балалар тек теориялық білім ғана емес, практикалық дағдыларды да меңгереді.
Оқу іс-әрекетінің соңында, балалар өз жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, құрылған үйлерін таныстырады. Олар үйлердің әр түрін танып, «менің үйім» деген түсініктің не екенін меңгереді. Бұл процесс балалардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуымен қатар, олардың когнитивті қабілеттерінің артуына да ықпал етеді.
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті:Аппликация
Тақырыбы: «Менің үйім»
Мақсаты: Балаларды пішіндермен (үшбұрыш, төртбұрыш) таныстыру;
Міндеттері:
Білімділік: геотметриялық пішіндерден үй құрастыруды үйрету;
Дамытушылық: тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру;
Тәрбиелік:балаларды қамқор және жанашыр болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: құрылысшы
Көрнеліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, ойыншықтар, магнитті тақта, дайын пішіндер, жалауша.
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балалар, бір-біріміен танысайық!
Балаларды шеңбрге тұрғызады. Топтағы бір баланың атын атап, жылы шыраймен шақырады да, қолына жалаушаны береді. Бала педагогке рақметін айтады. Ол келесі баланы шақырып, оған жалаушаны береді. Осылайша шеңберде тұрған барлық баланың аты аталады.
Ғажайып сәт
Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді екен, қараңдаршы.
Педагог қолыңа ұл бала бейнеленген қуыршақты киеді.
Қуыршақ:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Менің атым – Азамат. Мен құрылысшымын.
Маған үй салуға көмектесіңдерші.
Сөздік жұмысы: құрылысшы
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Педагог: - Үй салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.
Педагог балаларға түрлі пішіндерді таратады.
Дидактикалық ойын:
«Пішіндерді ажырат».
мынау – үлкен төртбұрыш.
Мынау – кішкентай төртбұрыш.
Мынау – үшбұрыш.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
- Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?
Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?
Үшбрұштың түсі қандай?
Енді үй саламыз.
Педагог магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қоямыз.
Ал енді жұмысқа кіресейік.
Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
- Қызыл.
- Көк.
-Қызыл.
Балалар үйді құрастырып шығады.
Рефлексиялық-
Түзетушілік
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: түстер мен пішіндерді ажырата біледі;
Түсінеді: үйдің терезесі, есігі, төбесі, қабырғалары болатынын;
Қолданады: үйді геотметриялық пішіндерден құрауды қолданады;
Есеп: