Изучение звука и буквы Ү для детей
Документ посвящен обучению детей звуку и букве Ү. Он включает в себя различные методы и приемы, которые помогут детям не только запомнить букву, но и научиться использованию в речи. Актуальность данной темы обуславливается необходимостью развивать речь и письмо у детей, а также формировать у них интерес к обучению.
В ходе занятия используется множество интересных игровых методов, что делает процесс обучения увлекательным. Методы, такие как «шаттық шеңбері» и «буынға буын қос» стимулируют ребят к активному участию. Изучение новых слов, таких как «үйрек» и «күшік», поможет детям не только запомнить букву, но и осознать её применение в жизни.
Также в документе приводятся рекомендации по использованию различных материальных ресурсов, таких как карточки и картинки. Это очень важно для более наглядного восприятия информации детьми. К примеру, использование изображений поможет детям легче запомнить слова и ассоциировать их с буквами и звуками, что в свою очередь усиливает обучающий эффект.
Важной частью занятия является рефлексия полученных знаний и навыков. В конце урока детям предлагается ответить на вопросы о букве Ү, что помогает закрепить пройденный материал и оценить результаты занятия. Методические советы по проведению занятия являются бесценными для педагогов, стремящихся разнообразить процесс обучения и сделать его более эффективным.
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі
Мақсаты:Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін, сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту, қорыту.
Сөздік жұмыс: үтік, үйрек, күшік.
Көрнекіліктер: Ү әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».
Тілдің үш тұғырлығы:
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
1)“Шаттық шеңбері”
Күлім қағып қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрып көршіме
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын.
Түске байланысты топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау.
2)«Буынға буын қос» ойыны.
Ойынның шарты : балаларға топқа сөздің басқы буынын айтады, сөзді тез аяқтау керек.
Ау – (ла), ал – (ма), Са – (ра), Сә - (біз).
3)Жұмбақ жасыру.
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп жүзіп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім білмейді ....?
-Балалар, үйрек дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
- Үү дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай текшемен белгілейміз?
4)Ү әрпі туралы тақпақты 4 топқа айтқызу.
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
5)Ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.
Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсету.
6) Сөздерді буынға бөлгізу.
Үй-рек, ү-кі, кү-шік, үй-шік, күй-ші , үл-кен.
Әліппе – дәптермен жұмыс.
1- топқа суреттерден сөйлем құрау керек.
2- топ сөздерді буынға бөледі.
3- топ дыбыстық талдау жасайды.
4-топ сөздерді, буындарды оқыту.
7)Сергіту сәті
Таң атты, күн шықты,
Аспанды бұлт жапты.
Жел тұрды, жаңбыр жауды.
Найзағай сарт етті
Біз бұға қалдық.
Дәптерлерді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемілеп жазайық.
Дәптерімізге Ү әрпін жазу.
8)Д/о:«Сөз ойла, тез ойла»
Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Үйрек , үкі, күшік , үйшік.
«Кім шапшаң сөйлем құрайды?»
ойыны (суреттерден тез арада сөйлем құраулары керек.)
Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.
Түске байланысты 4 топқа бөлінді. Топ басшыларын сайлады.
Ойынға қатысып, буындардан сөздер құрап айтады .
Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тапты
үйректі
Балалар Ү дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады.
Тақпақты хормен айтады.
Берілген сөздерден сөйлем құрастырады.Тыныс белгілеріне назар аударады.
Ү дыбысының баспа , жазба түрін көреді.
Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтады.
Әліппе- дәптермен жұмыс жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Қарындаштарын алып, әріпті дәптерге жазады.
Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
Суреттерден сөйлем құрап айтады.
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
-Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?
- Ү әрпі қандай дыбыс?
- Ү әрпін қандай текшемен белгілейміз? (көк текшелерін көрсетеді )
- Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы қорытамын.
Сиқырлы таяқшаны ұстап тұрып Ү әрпіне байланысты сөз айтып шығамыз. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ү дыбысы мен әріп таңбасымен толық танысады;
Игеруі керек: Ү дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды игерді
Меңгеруі керек: Сурет бойынша әңгіме құрай алуды, баспа түрде жазуды меңгерді.