Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Тақырыбы: «Қ дыбысы және әрпі»

Тақырыбы: «Қ дыбысы және әрпі»

Кыдыралина Анар Бекниязовна
Кыдыралина Анар Бекниязовна
DOCX
107
3

Данный материал предназначен для педагогов и родителей, желающих познакомить детей с буквой «Қ» и её звучанием. Важно не просто объяснить, что такое буква и звук, но и на практике показать, как они взаимодействуют в словах и предложениях. Занятия могут быть как интерактивными, так и включать в себя игровые элементы, что делает обучение более увлекательным и запоминающимся для детей.

В процессе обучения целесообразно проводить различные упражнения, в которых дети смогут не только произнести звук «Қ», но и выделить его в различных словах. Например, можно предложить детям вспомнить слова, которые начинаются с этого звука, а также указать, в каких местах слова он может находиться: в начале, середине или в конце. Это разнообразие будет способствовать развитию фонематического слуха и внимательности.

Кроме занятий по звуковому анализу, можно проводить и разного рода загадки, связанные с предметами, начинающимися на «Қ». Например, загадка: «Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар» - правильный ответ «Қой». Такие игры не только разнообразят занятие, но и помогут детям лучше запомнить букву и звук.

Также важно уделить внимание развитию устной речи. Вместе с детьми следует составлять предложения с использованием слов, содержащих звук «Қ». Это может быть интересным заданием, где они будут учиться правильно строить фразы и использовать новые слова в контексте. В итоге, данное занятие не только обогатит словарный запас, но и поможет развить логическое мышление и речевые навыки детей.

Предпросмотр

Тақырыбы:«Қ дыбысы және әрпі»
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу.
Мақсаты:«Қ»дыбысымен және әрпімен таныстырып, сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге үйрету. «Қ»дыбысын қатыстыра отырып сөз, сөйлем құрау, буынға назар аудару және «қ» дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге дағдыландыру. Байланыстыра сөйлеуге, ұғымталдыққа баулу.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келген екен. Алдымен амандасып алайық.
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күздің неше айы бар? Қазір нешінші айы және қалай аталады? Енді терезеге қарап бүгінгі ауа-райының қандай екендігін айтыңдаршы. Жарайсыңдар балалар енді мен сендерге оқу іс-әрекетті бастамас бұрын жұмбақ жасырғым келіп тұр. –Дайынсыңдарма балалар?
Тәрбиеші:Олай болса мұқият тыңдайық. 1.
- Балалар, өте жақсы орнымызға отырып, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік.
Тосын сәт:
Слайдтан ата - ана Гүлнұр көрінеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аминаның анасы боламын. Мен сендердің қандай әріптерді үйренгендеріңді білгім келіп, хабарласып отырмын.
Тәрбиеші:
- Балалар, біз Аминаның мамасына қандай әріптерді өткенімізді көрсетеміз бе?
Гүлнұр:
- Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнағыларың келе ме? Ойында мен бір әріпті көрсетемін сендер сол әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайсың - дар, ойлаған сөздеріңнің орысша, аудармасын айтуларың керек.
- Балалар слайдтан көрсеткен әріптерді атап, сол әріптен басталатын сөз ойлайды да, сол сөздің орысша, аудармасын айтады. Мысалы: А дыбысын көрсетіп, алма-яблоко, аю- медведь деп жауап береді. П дыбысы піл-слон. Тдыбысы тақта-доска, терезе- окна. Ндыбысы нан-хлеб. Ғ дыбысы ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт.
- Жарайсыңдар, балалар, әріптерді біледі екенсіңдер, рахмет сіздерге, сау болыңыздар!
- Бүгінгі өтетін жаңа әріпке байланысты мен сендерге жұмбақ жасырып жіберейін.
Жұмбақ.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
- Қой.
2. Көкала костюм киеді,
Бойын жерге жасырған.
Күннің көзін сүйеді,
Бұрымы бар жасылдан.
- Қарбыз.
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
- Қоян.
- Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер. Осы қой, қоян, қарбыз сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.
- Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Қ»дыбысы және әрпі.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астын қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.
Барлығы бірге «қ» дыбысын қайталап айтады.
-«Қ»дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
-«Қ»дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
- Қасқыр, қоян, қой, қала, қаймақ, қар, қалам, қасық.
- Жарайсыңдар, енді қасқыр, қой деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.
- Қас - қыр - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Қой - бір буыннан, бір дауысты дыбыстан тұрады.
- Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап жіберейікші.
Балалар қой сөзіне дыбыстық талдау жасайды.Бір бала тақтада, қалған балалар орнында жұмыс жасайды.
Сергіту сәті:
Ойын: «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.Шатасқан балалар орнына отырады.
Бейнежазба:сиқырлы әліппе ашылып, «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтылады.
Үлестірмелі жұмыс:
- Балалар, алдымызда тұрған кеспе әріптермен «қ» дыбысы басында, соңында кездесетін сөздер жазайықшы.
- Балалар, «қ» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын:«Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «қ» дыбысынан
басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау.
Ойынға шыққан бала қасықты алып «бұл қасық, қасық – қ дыбысынан басталады. Біз қасықпен тамақ ішеміз» сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Балалар біздің бүгінгі ашық оқу іс әрекетіміз аяқталды қонақтармен қоштасайық. Орнымыздан тұрайық, Жарты шеңбер құрайық. Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық. Қонақтармен қоштасып, Шығарып салайық.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;
Игереді:Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Білді: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.