Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Сиқырлы сандар: Оқу іс-әрекеті 1-10 дейін сандарды санау

Сиқырлы сандар: Оқу іс-әрекеті 1-10 дейін сандарды санау

Розметова Раъно Артыкбаевна
Розметова Раъно Артыкбаевна
DOCX
124
2

В данном документе представлено содержание занятия под названием «Сиқырлы сандар», целью которого является развитие навыков счёта у детей от 1 до 10. Участие в таких занятиях помогает детям не только научиться счёту, но и расширить свой кругозор, понимая окружающий мир через число. Каждый шаг занятия пронизывает игривое и весёлое настроение, что делает процесс обучения интересным и увлекательным.

Занятие начинается с радостного приветствия, где дети формируют «шаттық шеңбер», тем самым создавая атмосферу дружелюбия и уважения. Обсуждение времен года с помощью шаров – это не только развлечение, но и отличная возможность объяснить детям, как цвета символизируют разные сезоны. Здесь каждый ребёнок активно участвует, отвечая на вопросы и принимая участие в интерактивных заданиях.

Следующий этап включает в себя логические задачи и игры, что поощряет умение мыслить логически и конструктивно. Дети учатся работать в команде, обсуждая вместе поставленные задачи. Важный момент занятия – это развитие коммуникационных навыков, умения взаимодействовать друг с другом в процессе работы.

Также в конце занятия происходит лёгкая разминка: дети слушают звуки природы, что помогает им расслабиться и предаться фантазиям о весеннем времени года. И вот появляется необычный гость – лягушка, которая нуждается в помощи. Это добавляет элемент приключения и вовлеченности в процесс, что делает формат занятия ещё более захватывающим и запоминающимся для малышей.

Предпросмотр

Білім саласы:Таным
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырып:«Сиқырлы сандар»
Мақсаты: 1-10 дейін сандарды тура және кері санау. Балалардың тіл дамыту жұмбақтарын жалғастыру, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға, ауызша қосып – алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым- қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру.Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, сұрақ-жауап,сергіту сәті,жұмбақтар.
Көрнекіліктері: суреттер, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар, қолдан жасалған бақаның бейнесі, шарлар.
-Тәрбиеші: Саламатсыздарма, балалар!
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты, қане амандасайық!
(Балалар шаттық шеңберін құрады) (2мин)
-Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық!
Жақсы-жақсы сөздерді
Қонақтарға сыйлайық.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
-Жарайсыңдар балалар! Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Менің қолымдағы не?
( 3 мин)
-Шарлар
-Балалар! 1 жылда неше жыл мезгілі бар?
-Төрт жыл мезгілі (атап шығады)
-Жарайсыңдар! Бұл шарлардың түстері де сол төрт мезгілді бейнелейді.
(Ақ шарды көрсетіп!)
-Бұл түс қай мезгілді бейнелейді?
-Қыс.Қыста жерде ақ қар болады.
-Сары түс қай мезгілді бейнелейді?
-Күз. Жапырақтары сарғаяды.
(Жасыл шарды көрсетеді)
-Бұл қай түс?
-Жасыл.Жер беті жасыл шөптерге толады. Ағаштар бүршік жара бастайды.
-(Қызыл түс) Гүлдер қызыл түске боялады. Табиғат сұлуланады. Қызыл алмалар піседі.
-Жарайсыңдар! Ал енді шарлардың ішінде бізге берілген тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындайық.
(Логикалық есептер)(3 мин)
1. Дүкеннен анаң төрт бұрышты 2 доп алып келді. 1-еуін ініңе бердің сенде неше доп қалды?
Доп төрт бұрышты болмайды.Ол дөңгелек
2. 5 қоянда неше құлақ бар? (10 құлақ)
3. Себетте үш алма табақта 5 алма барлығы неше алма? (8 алма)
4.2 лақта неше аяқ бар? (8 аяқ)
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем. Ендеше, «табиғат оянады.» деген ұғымды қалай түсінеміз?
- Шөптер шығады, ағаштар гүлдейді, құстар сайрайды.
- Дұрыс, ендеше, қанекей барлығымыз тып-тыныш болып тұра қалып, құстардың үнін есітейікші.(3 мин)
(Құстардың үні таспадан қойылады)
Соңында бақаның дауысы естіледі.
-Балалар , мынау ненің үні. Құстың үніне ұқсамайды ғой.
-Бақаның
- Ия, дауыс жақын маңнан естіліп тұр ма? Қалай ойлайсыңдар?
(есіктен бақа кіреді. Бақ – бақ.)
-Ой, балалар! Мынау шынында бақа ғой. Ол адасып қайдан жүр? Бақа қайда өмір сүреді?
- Көлде (ендеше бақаны өзінің көліне дейін жетуіне көмектесейікші)
- Ол үшін біздер бірнеше кедергілерден өтетініміз анық. Ал мен сендердің ол кедергілерден өтетіндеріңе сенемін. Өйткені сендер сондай ақылдысыңдар. Ал ендеше бақаны ертіп, көлге қарай жол жүрейік. 3 мин
Көктем қандай көңілді.
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.