Ж дыбысы және әрпі: балаларға арналған сабақ
Данный материал представляет собой технологическую карту для занятия по обучению детей звуку и букве Ж. Цель данного урока - познакомить детей с артикуляцией звука Ж, научить их различать его среди других звуков, а также выполнять звуковой анализ слов и правильно делить их на слоги. Этот процесс обучения выражается в игровом формате, что делает его более увлекательным для детей.
В рамках занятия используются разнообразные методы и приемы, такие как вопрос-ответ, объяснение, игры, наглядность, загадки и ребусы. Креативные подходы и множество игровых активностей обеспечивают высокий уровень вовлеченности и интереса у малышей, что ставит основную задачу - развитие их мышления и социальных навыков, на передний план.
Визуальные материалы и игровые элементы, такие как игрушки, картинки и специальные буквы, служат отличным дополнением к обучению. Например, используются картинки с изображением предметов, начинающихся на звук Ж, что помогает детям подключить визуальную память к учебному процессу.
Билингвальный компонент урока также играет важную роль: обозначение звука Ж на двух языках (казахском и русском) расширяет словарный запас детей и способствует лучшему усвоению материала. Например, такие слова как «жұлдыз - звезда» и «жылқы - лошадь» обогащают знания и делают урок более разнообразным.
Кроме того, занятия включают в себя активные игры, как например «Алма жинау», где дети учатся находить буквы и слова, ассоциируя их с предметами. Это развивает их внимание и сообразительность. Обсуждения о погоде и дне недели в начале занятия помогают создать дружелюбную атмосферу и настроить детей на продуктивный лад перед началом основного обучения.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 28
Күні: 10.02.2016 Саласы: Қатынас Бөлімі: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: : Ж дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әр түрлі текшелер.
Билингвалдық компонент: Жұлдыз - звезда, жылқы-лошадь, жапалақ-сова.
Іс-әрекет түрі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.Мотивациялық- қозғаушы
І. «Сәлемдесу»
ІІ. Психологиялық ахуал.
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен
ІІІ. Ой қозғау
- Балалар, бүгін ауа райы қандай?
- Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?
- Ендеше сәрсенбі күнді қандай күн деуші едік?
- Көніл-күйіміз қалай?
- Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық.
- Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Қандай болып екіге бөлінеді?
- Өте жақсы, балалар. Енді біз "Алма жинау" ойынын ойнайық. (Үлкен алма ағаштың суреті, жемісімен)
- Мына алма ағашында, алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз.
Аталған сөздерге буындық талдау жасатып отыру.
Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.
Сәрсенбі
Сәрсенбі – сәтті күн
Жақсы
Екіге
Дауысты және дауыссыз
Ана, ғарыш, тарақ, раушан, лақ, қозы, доп, уық, орман, пеш, балық, сағат, шаш.
II. Жаңа сабақ.
Ойын: «Иә», «жоқ» ойыны арқылы жұмбақ шештіру.
- Балаларға жапалақ сөзін жасыру. Балалар сұрақ қояды.
- Жоқ
- Жоқ
-Иә
- Иә
-Жоқ
-Иә
- Иә
-Иә жапалақ
- Осы біз шешіп тапқан жапалақ сөзі, қай дыбыстан басталып айтылып тұр?
- Ол затпа?
-Өсімдік пе?
-Ұшама?
-Құс па?
-Күндіз болама?
-Түнде болама?
-Көзі үклен бе?
-Бұл жапалақ па?
2.Ұйымдастырушы-ізденуші
Постер әдісі ІІІ топ Ж дыбынан басталатын сурет салып, атап, буынға бөледі.
"Ішкі және сыртқы ресурс" ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардын атауларын атап ішкі ресурстағы артық суреттерді сыртқы ресурсқа орналастыру. Буынға бөлу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту.
Суреттер: Жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, орамжапырақ, әже, морж.
- Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасап жіберелік. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.
- Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап осы сөздерді буынға бөліп жіберелік.
- Ендеше Ж дыбысы. Дыбыстың таңбасы - Жж әрпі. Көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін, жазба түрін салыстырып көрсету.
Сергіту сәті:
Тіл жаттықтыру.
Жа-жа-жақсы
Же-же-жеміс
Аз-аз-жаз
Жу-жу-жуас
Дәптермен жұмыс.
Жазу жолынан төменнен жоғары ортасына көлбеу сызық сызамызда үзбей оңған солға қарай көлбеу сызықты бастапқы нүктеге дейін сызамыз, енді ортадағы сынық сызыққа жақын етіп түсетіндей төменнен жоғары қарай түзу сызық сызамыз. Енді оңнан солға қарай көлбеу сызық сызып бастапқы сыныққа түйістіре отырып солдан оңға қарай көлбеу сызық сызамыз. Оң қолымызды жоғары көтеріп, қаламымызды ұстап «Ж» әрпін ауада жазайық.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Үлгі бойынша дәптерге жазу.
Тәрбиеші: — Мен сендерге тақпақ оқып берейін.
Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр!
Жауған жаңбыр, жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің қауызы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау,
Гүлденсін бау! (Ж.Смаков)
Ж дыбысынан
Суретті салып, сөздерді буынға бөледі.
Жылқы, жапалақ, жұлдыз,
көжек, орамжапырақ, әже, морж.
Жылқы, көжек, әже, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Жа-жа-жақсы
Же-же-жеміс
Аз-аз-жаз
Жу-жу-жуас
III. Қорыту.
«Жақсы-жаман» жаңырдың жақсы және жаман қасиеттерін атау.
Сөздер банкасы Біздің банка
Жаңбырдың жақсысы жер көгереді, ауа тазаланады т.б.
Жаман қасиеті жер балшық болат т.б.
3.Рефлексивті коррекциялаушы
- Өте жақсы, балалар. Олай болса, "Жау, жау жаңбыр" әнін айтып жіберейікші.
Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталып, балалар сыртқа демалуға шығады.
-Ж дыбысымен таныстық.
-Ж дыбысы дауыссыз дыбыс.
-Ж сөздің басында кездеседі т.б.
"Жау, жау жаңбыр" әнімен сабақты аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар дауысты, дауыссыз дыбысты ажырата біледі.
Түсінеді, игереді: Ж дыбысымен танысады, сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін түсінеді.
Меңгереді, қолданады: Ж дыбысынын жазуды меңгереді.