Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Балалардың Ойын Арқылы Сөйлеу Тілін Дамыту

Балалардың Ойын Арқылы Сөйлеу Тілін Дамыту

Беркимбаева Айман Зейнабиловна
Беркимбаева Айман Зейнабиловна
DOCX
184
10

Бүгінгі таңда балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуына ерекше көңіл бөлінуде. 5-6 жасар балалар үшін ойынның маңызы зор, себебі ойын барысында олар өз идеяларын еркін білдіруге, қызығушылықтарын арттыруға тәжірибе жасайды. Ойын – балаларға қоршаған әлемді түсінудің, зерттеудің, жасап шығарудың ең тиімді әдіс.

Ойын әрекеттері арқылы балалар әлеуметтік қарым-қатынастарды үйренеді, өздерін қалай ұстау керектігін меңгереді. Педагогтар балалардың танымдық қызығушылықтарын оятып, оларды әртүрлі ойындар арқылы дамытуы тиіс. Ойындар сөйлеу тілін, зейін мен есті жетілдіруге көмектеседі.

Сабақ барысында ойындардың қолданылуы, оларды ұйымдастыру педагогтың шеберлігіне байланысты. Балалар тек ойынмен айналысып қана қоймай, осы арқылы өздерін білдіреді, өз қарым-қатынасын, санасын дамытады. Сондықтан әрбір тәрбиеші балалардың ойын әрекеттерін дұрыс жолға қоюы қажет.

Қазіргі таңда жаңа технологияларды енгізу, танымдық ойындарды өткізу әдістерін жетілдіру мектебіміздің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Біз балалардың ойын арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеріп, оларды шығармашылықпен пайдалану жолдарын қарастыруымыз керек.

Танымдық ойындардың өзіндік ережелері мен құрылымы бар. Ойын арқылы балалардың зейінін, логикалық ойлауын, қабылдауын дамытуға болады. Тәрбиешілер балаларға ойын барысындағы мотивтерді жеткізуде ерекше назар аударуы қажет. Тек осындай әдіс арқылы ғана біз балалардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік жасай аламыз.

Дәл осындай тәсілдерді пайдалана отырып, мектепалды даярлық кезеңін тиімді өткізу, балалардың болашақтағы білім алуына жол ашу – әр тәрбиешінің басты мақсаты. Осындай кәсіптік бағдарлама арқылы балаларымыздың елінің патриоты болуына, қазіргі заман талабына сай білімі мен біліктігін арттыруға ықпал етеміз.

Вам будут интересны эти конкурсы: