Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Технологиялық карта №37: Ө дыбысы мен әрпі

Технологиялық карта №37: Ө дыбысы мен әрпі

Жумаханова Айшагуль Калыбайевна
Жумаханова Айшагуль Калыбайевна
DOCX
252
3

В данном документе представлен подробный план урока по изучению звука Ө для детей дошкольного возраста. Основная цель урока заключается в знакомстве с этим звуком и его буквой. Урок включает в себя объяснение произношения, написания, а также выполнение различных заданий, направленных на развитие мышления и художественного восприятия детей.

Научные исследования подтверждают, что игра является важной частью учебного процесса, поэтому в уроке предусмотрены интерактивные игры, такие как «Буын ұстау», «Ой шақыру», и другие, которые помогут детям запомнить звук и его написание. Эти игры могут включать в себя элементы анализа и синтеза, что способствует более глубокому пониманию материала учащимися.

Кроме того, в ходе занятия использованы разнообразные наглядные материалы, включая буквы, сюжеты и кубики, которые помогут дополнительно проиллюстрировать информацию о звуке Ө. Также в документе предусмотрено время для рефлексии и обратной связи, чтобы понять, насколько хорошо дети усвоили материал и в какой форме они лучше всего реагируют на задания.

Дети смогут не только научиться произносить звук, но и увидеть его применение в реальных словах. Урок позволяет развивать и другие навыки, такие как внимание, память и социальные взаимодействия, благодаря активному участию каждого ребенка в процессе обучения. В конце урока детьми будет показано, что они не только ознакомились с новым материалом, но и смогли применить его на практике.

Предпросмотр

Технологиялық  карта №37


Білім беру саласы

«Коммуникация»

Сауат ашунегіздері

Күні:

Тақырыбы

Ө дыбысы

Сабақтың мақсаты

Ө дыбысы және әрпімен таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету. Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Көркемдікке, әдептілікке баулу.

Көрнекіліктер

Көрнекілігі: Ө әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті суреттер, текшелер, кеспе әріптер т.б.

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       
 Психологиялық ахуалды қалыптастыру
 

Психологиялық дайындық.
Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       
 Жаңа сабақ
 
 
 
 


1.«Буын ұстау» ойыны.
Шарты: Доппен ойналады. Өзім алғашқы буынын айтамын, доп алған оқушы сөзді аяқтайды.зымы...(ран), Зе...(ре), зер...(де).
Олай болса, з дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Текшемізден көрсете қоялық. (дауыссыз, ұяң)

«Ой шақыру»
2.Жұмбақ жасыру.
Шөлде бар,
Суда жоқ.
Көлде бар,
Буда жоқ..

Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау жасап өту.
Олай болса, балалар бүгінгі біздің танысатынымыз Ө дыбысы мен таңбасы.
1. Көрнекілік бойынша ө дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Ө дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
Ө таңбасы қай әріпке ұқсайды?
3.«Сөз ойла, көп ойла» ойыны.
Ө әрпінен басталатын сөздерді тез айту.
4.Тіл ұстарту жаттығуы.
Өс – өс – өс
Құстар бізге дос.
5.Дәптермен жұмыс.
Өрік, өзен, көз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы и дыбысының орнын ажырату. Балалардың өздеріне ө дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлату.
Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту.



Берілген тапсырмаларды орындайды.



Балалар ө дыбысы дейді .







-өріс, өгіз, өрік, өрмекші,өшіргіш,өзен




Барлығы хормен қайталап оқиды.

Сергіту сәті

6.«Мен қандай әріппен доспын?».
Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әр бір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында – сиыр, әкесінде – түйе, баласында – кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар». Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

7. «Ойлан тап!» ойыны.
1. Жұмыртқадай дөңгелек
Кетпейді бірақ дөңгелеп
Бұл қай әріп? (О)
3. Әлде толған Ай ма екен
Әлде үрген шар ма екен
Белінде бар белдігі
Бұндай әріп бар ма екен? (Ө)
Жазу жұмысы.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
1. Ауада жазу.
2. Тақтаға жазу.
3. Үлгі дәптерге жазу.
Торкөздегі ө дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады.
«Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Өр; Өрік; Көмір
Сызба бойынша сөйлем құрату. Мысалы: Өрік бақта өседі.
Тақпақ.
«Ө»- дегенім, Өрік
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп,

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.



-0






Балалар дәптермен жұмыс жасап әдемілеп жазады.


Өлеңді жаттайды.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Ө дыбысы және әрпімен танысу.

Үйрену 

 Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.