Портфолио воспитателя детского сада
  1. Главная
  2. Занятия с детьми
  3. Ауыз әдебиеті: Қазақ халқының мәдени мұрасы

Ауыз әдебиеті: Қазақ халқының мәдени мұрасы

Бекишева Маржан Ахановна
Бекишева Маржан Ахановна
DOCX
155
0

Ауызәдебиеті – қазақ халқының ұлттық мәдениетінің асыл қазыналарының бірі. Бұл – халық шеберлігінің айқын көрінісі, өткеннің шежіресі. Ауыз әдебиеті арқылы біз қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін тереңірек түсінеді. Оның әрбір шығармасы – халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі мен даналығының жемісі. Әсіресе, балаларға арналған ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар өмірді танып білуге, санасын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге үлкен көмегін тигізеді.

Балабақшада ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану – балалардың тілін дамыту мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Кез-келген бала үшін ауыз әдебиетін тыңдау, оны қайта айту қызықты әрі маңызды. Мұндай жұмыстармен айналысу барысында балалардың зейіні, есте сақтау қабілеті, сөздік қоры молайып, тілдік белсенділігі артады. Ауыз әдебиеті арқылы тәрбиеленушілеріміздің рухани әлемін кеңейтіп, олардың адамгершілік негіздерін қалыптастыруымыз қажет.

Ауыз әдебиеті үлгілері қатарында қазақтың ертегілері, аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, тыйым сөздері, т.б. бар. Мысалы, қазақ халқының ертегілері көбінде моральдық һәм тәрбиелік мәнге ие. Олар балаларға жақсы мен жаманды, адалдық пен арамдықты, еңбектің қадірін түсіндіреді. Балаларға отансүйгіштік, бауырмалдық, адалдық секілді адами қасиеттерді сіңіруде ауыз әдебиеті үлкен рөл атқарады.

Вам будут интересны эти конкурсы: