- Главная
- →
- Занятия с детьми
- →
- «Төрле, төрле Жаңа жыл» - Новогоднее празднование в детском саду №22 «Ақбұлақ»
- →
«Төрле, төрле Жаңа жыл» - Новогоднее празднование в детском саду №22 «Ақбұлақ»
В этом документе представлен сценарий удивительного новогоднего мероприятия под названием «Төрле, төрле Жаңа жыл», которое проходило в детском саду №22 «Ақбұлақ». Это событие собрало детей, родителей и гостей, чтобы отметить приход Нового года в дружеской и праздничной атмосфере.
Сама программа мероприятия была разнообразной и включала в себя интересные номера от детей, новогодние стихи, песни и танцы, которые принесли радость и улыбки всем присутствующим. Ведущий мероприятия также приветствовал всех гостей и поздравлял их с наступающим Новым годом, создавая тем самым чудесное новогоднее настроение.
Особое внимание было уделено традиционному персонажу - Деду Морозу и его внучке Снегурочке, которые играли важную роль в создании атмосферы праздника. Их появление было встречено с восторженными аплодисментами и радостью, так как дети очень ждали встречи с любимыми героями.
В завершении праздника все участники собрались вокруг елки, чтобы поздравить друг друга и загадать желания на наступающий год. Это мероприятие не только сплотило родителей и детей, но и подарило всем возможность почувствовать дух праздника и семейного тепла.
«Бекітемін» МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасының директоры ________Джаманшалова Г.Н«___» ____________2016жыл
Мерекелік іс-шара.
Тақырыбы:« Төрле,төрле Жаңа жыл».
Дайындаған: «Бөбек» тобы
Тәрбиешісі:Бердібекова А.Б
2016-2017
Тәрбиеші: -Құрметті ата-аналар,қонақтар! Бүгінгі балабақшамыздағы “Бөбек” тобының “Төрле,төрле-Жаңа жыл”атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, қажымас қайрат тілейміз. Отбасыңызға осы жыл қуаныш,шаттық табыс әкелсін. Сәлем бердік баршаға!
Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Жаңа жылда көңілді,
Шырқалады әніміз,
Ата-аналар сіздерді,
Құттықтаймыз бәріміз.
Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы ортада әсем шырша,сендерде әдемі киінгенсіңдер, қоңақтарда жиналған,айтыңдаршы балалар бүгін бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса, Жаңа жылды қарсы алуға бәрің дайынсың дар ма?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші:Ендеше,бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымыздан шашу шашайық.
Бекболсын: Ақ қырауға малынған, Сақалы да мұрты да. Аяз ата сағынған. Сәлем берді жұртына.
Арайлым: Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз,Көптен күтіп сағынған. Әділбек: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа-жыл.
Ата-әже,әке-шеше,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Арғын Әмина: Снег идёт,снег идёт!
Значит,скоро Новый год!
Дед Мороз к нам придёт!
Вам подарки принесёт,
Сауран:
Жаңа жыл,Жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Балалар,айтыңдаршы бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне кімдер жетіспей тұр?
Балалар: Аяз ата ,Ақшақар!
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар.Аяз атамен Ақшақар осында мереке болып жатырғанын естіп келе жатырған шығар.
Балалар, тыңдайықшы бір әуен естілетін сияқты (Музыка әуенімен Мыстан келеді)
Мыстан: Пай,пай мына шыршаның кереметін-ай, балалардың әдемісін-ай.Сендер не тойлап жатырсыңдар?
Тәрбиеші:Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Мыстан: Мені неге шақырмайсыңдар, мені ешкім жақсы көрмейді,менімен ешкім дос болмайды.
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы Мыстан кемпір өте көңілсіз,олда бізбен бірге мерекемізді тамашаласын ба?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші:Олай болса, Мыстан кемпір сен бізбен бірге балалардың өнерін тамашалаңыз.
Мыстан: Жәрайды , мен қарсы емеспін менің кішкентай достарым болғанын қалаймын.
Ән:«Кішкентай шырша»
Тәрбиеші: Олай болса, Мыстан кемпір сенің бізге көрсететін қандай өнерің бар? Мыстан: Менің кішкентай достарым!Мен сендерге «Байпақ» ойынын ала келдім. Ойынның шарты: Кез-келген бір бала келіп, жылдам байпақты Мыстан кемпірмен жарысып аяғына киіп алып,шыршаны айналып билеп жүріп,музыка тоқтаған кезде мәреге бірінші жүгіріп жетуі қажет ойын солай жалғасын табады.
Мыстан: Менің кішкентай достарым !Енді мен қайтайын,мен сіздерге ризамын! Жаңа Жылдарыныз құтты болсын! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Тәрбиеші:Балалар,Жаңа жыл мерекесіне әрдайым Аяз-ата мен Ақшақар келеді.Олар сендердің өнерлеріңді тамашалап, сыйлықтар ұсынады.Жаңа жыл Аяз-ата,Ақшақарсыз өтпейді, Әйтседе,олар бүгін кешігіп жатыр,адасып кеткен сияқты,канеки,барлығымыз дауыстап шақырайықшы!
Балалар: Аяз ата,Ақшақар! Аяз ата,Ақшақар! Аяз ата,Ақшақар!
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата:
Амансың ба, ұлдарым?
Амансың ба, қыздарым
Былтыр сіздерге келіп едік
Өнерлеріңді көріп еді
Өсіп қалыпты бойларың
Тамаша ғой ойларың
Құтты болсын,балалар!
Жаңа жылдық тойларын.
Ақшақар: Сәлематсыз ба балалар,қонақтар.Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Тәрбиеші:Аяз Ата , Ақшақар алыстан шаршап келген боларсыз. Біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалап,демалып отырыңыз.
Балаларымыздың Аяз атаға арнаған мерекелік биін тамашалаңыздар! Би:«Ковбойский» Тәрбиеші:Ендігі кезекті тақпақтармен жалғастырамыз.
Ақниет:
Тамаша, Тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Алия:
Дед Мороз открой мешок,
Расскажу тебе стишок ,
Ты игрушку мне подаришь,
Без подарка не оставишь
Ақылбек:
Дед Мороз,Дед Мороз
Ёлку из лесу принёс
А пока я, в сад ходила,
Мама ёлку нарядила
Нарқыз:
Наша ёлка высока,
Наша ёлка велика,
Выше мамы,выше папы,
Достает до потолка.
Марлен:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Тәрбиеші:
Ауламызда ұшып жүрген
Ақ мамық қар себелеп
Ұлпа қарларды шақырдым
Бізге билеп берсіндеп.
Би: «Ақша қар»
Тәрбиеші:Ақшақар,бізге сенің көмегің керек, сиқырлы сөздеріңді айтып, шыршамыздың шамдарын жағып берші.
Ақшақар:Балалар, қанеки орындарыңнан тұрып,бәріміз қол соғып «Шырша жарқыра» деп шыршаның шамдарын жағайық.
Музыка әуенімен аңдар келеді,амандасады,құттықтайды)
Түлкі: Балалар,біз мереке болып жатқанын естіп,осында келдік,біздерде сендермен бірге Жаңа жылды қарсы алсақ болама?
Тәрбиеші:Әрине,қош келдіңіздер ,төрлетіңіздер,бізбен бірге ән салып,би билеп көңіл көтеріңдер.Енді мына шамдары жарқыраған әсем шыршамыздың жанында Аяз атамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Динара:
Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.
Йасин:
Аяз-ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Алихан:
Дед Мороз!Дед Мороз!
Ты нам сладости приннес?
Ты в секрете не держи..
Что в мешке там,покажи?
Айнұр:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрле,Төрле Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Тәрбиеші:Келесі кезекті әнмен жалғастырамыз.
Ән: «Тамаша,тамаша»
(Музыка әуенімен Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: Сәлематсыздар ма балалар!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
Сайқымазақ: Бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетемін.
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді. Мен сендерге қызықты ойын әкелдім.Ендеше ойын ойнаймыз ба,балалар?
Ойын:«Кім жылдам?»
Ойынның шарты:
Екі ата-ана өз баласын алдарына берілген керекті нәрселерді қолдану арқылы Аққала жасауы қажет.Шектеулі уақытта кім бірінші бітірсе сол топ жеңіске жетеді.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар,балалар!Сендердің жүздеріңнен әрқашан күлкі кетпесін.
Тәрбиеші: Жарайсың Сайқымазақ! Сен балаларды бір куантып тастадың.
Сайқымазақ сенде бізбен бірге болып Жаңа жылды қарсы ал.
Тәрбиеші:Келесі кезекті тақпақтармен жалғастырамыз.
Мирас:
Шубка,шапка,рукавички,
На носу сидят синички.
Борода и красный нос-
Это Дедушка Мороз!
Азамат Алина:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып жылтыр боп жатады.
Нұрасыл
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Азамат Амина:
Жаңа жыл Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Рейс Нұргүл:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға.
Тәрбиеші:
Ескі жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз
Қандық талай сырға біз
Шарықтады ойымыз дей келе ортаға қошеметпен Ескі Жылды шақырамыз
(Музыка әуенімен Ескі жыл келеді)
Ескі жыл: Тәрбиеші:Сәлематсыздар ма,балалар!Жаңа жылдарың құтты болсын!Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін.Өнерлі екенсіңдер,бір жыл сендермен бірге болдым.Мен сендерге Жаңа жылды ала келдім
Тәрбиеші: Көңілде көп қуаныш
Әр-көңілде –жақсылық
Кетер жылға мың алғыс!
Кел, «Жаңа жыл!Жаңа Жыл!» деп ортаға жаңа « тауық»жылын шақырамыз! .
Жаңа жыл:
Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен сендермен бір жыл бірге боламын.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді.
Жаңа жылдарың құтты болсын ағайын
Тәрбиеші:Балалар бізге ескі жыл Жаңа жылды алып келді,ендеше барлығымыз бірге шыршаны айналып ән айтайық. Ән: «Шырша жыры»
Аяз ата:
Жарайсыңдар балаларым,барлықтарың өнерлі екенсіңдер.Аталарыңды бір қуантыңдар.Ақшақар қызым маған көмектес,балаларға сыйлықтарын берейік.
(Балаларға сыйлықтарды таратады)
Енді біз жолға шығайық.Қош сау болыңдар!
Тәрбиеші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай,әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Құрметті қоңақтар,балалар,Жаңа жыл құтты болсын!2016-шы жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!